Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кедейшілік – әлеуметтік-экономикалық құбылыс

Кедейшілік – әлеуметтік-экономикалық құбылыс

1999 жылдың адам дамуы туралы ПРООН дүниежүзілік баяндамасында кедейшілікті классификациялауға сәйкес кедейшілікті табыс тұрғысынан, негізгі қажеттіліктер тұрғысынан, адам дамуы тұрғысынан түсінуге болады. 2003-2005 жылдардағы Қазақстан Републикасында кедейшілікті төмендету бойынша бағдарламада кедейшілік адам дамуының мүмкіндіктері тұрғысынан түсініледі. Кедейшілік дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, ол нақты халық топтары өмір сүруге құқықтарын жүзеге асырумен байланысты алғашқы физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиындықтар көруі, конституциямен берілген құқық пен еркіндіктер шегінде қоғам өміріне толық қатысуға мүмкіндіктері жоқтығы. Әрі қарай бағдарламада, кедейшілік мәселесіне экономикалық және әлеуметтік аспектілер, сондай-ақ басқару аспектісі кіретіндігі айтылған. Индикаторы осы аспектілердегі кедейшілік мәселесіндегі масштабын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер бола алады. Кедейшілікті табыс және халықтың мемлекеттік кепілдіктер берілген әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері бойынша өлшеу үшін бірқатар критерийлар мен индикаторлар бар. Қазақстанда табыс бойынша негізгі критерий - ол өмір сүру минимумы және кедейшілік шегі. Өмір сүру минимумы 1999 жылдың аяғында қабылданған 2000 жылдың басында іске қосылған. Өмір сүру минимумы туралы Заңына сәйкес бір адамға шаққандағы ең төменгі қажетті ақшалай абыс ретінде анықталған, ол көлемі бойынша ең төменгі тұтыну корзинасыныңқұнына тең. Бұл корзинаның құнының 70 % Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің тамақ Институтымен бекітілген тұтыну корзинасының негізінде есептелген энергетикалық құндылығы 2137 ккал деңгейін қамтамасыз етуші тамақ өнімдерін құрайды. Тұтыну корзинасының қалған 30% құнын тамақтық емес тауарлар мен қызметтер құрайды. Заңға сәйкес өмір сүру мимнимумы келесілерге арналған: 1) өмір деңгейін бағалау және кедейшілік шегін анықтау; 2) әлеуметтік саясат бағыттарын анықтау және халықты әлеуметтік қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру; 3) тағайындалатын ең төменгі еңбекақы, зейнетақы, пособие және басқа да әлеуметтік төлемдерді негіздеу; Өмір сүру минимумындағы тамақ және тамақтық емес тауарларға тұтыну шығындарының нақты қатынасы 52,3%/47,7% құрады.Осылайша тұтыну корзинасында әл-ауқаты төмен адамдар бюджетінің шығынының бірқатар бөлігін құрайтын коммуналдық қызмет және транспорт шығындары толық көрсетілген. Заңға сәйкес кедейшілік шегі әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болды. Ол Заңды республикада экономикалық мүмкіндіктерге қарай тағайындалған адамның ең төменгі дәрежедегі тұтынуын қанағаттандыру үшін қажетті табыс шегі ретінде анықталған. 2000-2001 жылдары кедейшілік шегі өмір сүру минимумының 38% деңгейінде тағайындалды, ал 2002-2003 жылы 40% болды. Табыс бойынша кедейшілік индикаторы ретінде Фостер, Гриэр, Торбек ұсынған көрсеткіштер класы қолданылады: - жанбасылық есеп коэффициенті немесе қабылданған шектен төмен табысы бар халық үлесі; - кедейшілік тереңдігін өлшеуге мүмкіндік беретін кедейшілікті айыру индексі, яғни кедейлер табысының өмір сүру минимумына жетпеген мөлшері; - ең кедейлер арасында табыс деңгейіндегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік беретін кедейшіліктің өткірлік индексі. Бағдарламамен табыспен емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийі анықталған – ол негізгі әлеуметтік игіліктер мен қызметтерге қол жеткізудің ең төменгі деңгейі. - денсаулық сақтау сферасында – жан басына, медициналық ұйымдары жоқ тұрғылықты жерлер санына шаққандағы медициналық персонал және медициналық ұйымдар саны; - білім беруде – бұл балаларды білім берумен қамту, мектептері жоқ тұрғылықты жерлер саны, сондай-ақ білім беру орындарында материалдық көмек көрсетілгендер; - әлеуметтік көмек жүйесінде – халықтың әлеуметтік жанды топтарға көрсетілген көмек саны және қамтылуы; Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымға қол жеткізу индикаторы денсаулық, білім деңгейі, орташа өмірлік ұзақтық, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, қылмыскерлік) көрсеткіштері, сондай-ақ халық миграциясы көрсеткіші болып табылады. Бағдарламада индикатор кедейшіліктің аспектілерін толық көрсетпейтіндігі аталып көрсетілген. Осылайша кедейшіліктің коммуникациядан алыстауы табиғи және энергетикалық ресурстардың шектеулігі секілді факторларын ашуға көмектесетін нақты инфрақұрылымның қолжеткізу индикаторлары бар болды, бірақ қажетті шараларды жасау барысында толық қолданылмады. Бағдарламаның мақсаьы мен міндеттеріне қолжеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны жүзеге асырудағы тұрақты маниторингін жүргізу арқылы бақылауға алынады, ол орталық, сондай-ақ аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Кедейшілікті азайту бойынша қабылданатын шаралар тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша, қажет болған жағдайда оны жүзеге асыру шараларының Жоспары мен Бағдарламасына сәйкесінше түзетулер енгізіледі. Статистиканың адам өмірінің сәйкес сфераларын қамтитын төрт ірі бөлімге бөлінетіндігін ескеріп, кедейшілік көрсеткіштерін төрт ірі топқа бөлуге болады: - экономикалық; - әлеуметтік; - демографиялық; - экологиялық; Бұл көрсеткіштердің әр тобындакөрсеткіштердің жекелеген бөлімшелері бөліп көрсетіледі. Осылайша, кедейшіліктің экономикалық көрсеткіштерінде келесілерді сипаттайтын көрсеткіштербөлімшесін атауға болады: - экономикалық өсу, жан басына шаққандағы табыс; - табыстағы теңсіздік, табыс бойынша кедейшілік; - экономикалық белсенділік, жүмыссыздық пен жұмыспен қамтылу; Кедейшіліктің әлеуметтік көрсеткіштер тобы, келесі сфералардағы жағдайды суреттейтін көрсеткіштер бөлімшесінде көрсетіледі: - әлеуметтік көмек және халықты әлеуметтік қолдау; - білім беру соның ішінде негізгі; - денсаулық сақтау, алғашқы көмекті кірістіргенде; - тұрғын үй және коммуналдық қызмет: - транспорт және коммуникация; - мәдениет; - қылмыскерлік. Кедейшіліктің демографиялық көрсеткіштері ішінен келесі бөлімшелерді бөлуге болады: - халықтың табиғи және механикалық қозғалысы; - күт мірдің ұзақтығы мен өлу себебі, жынысы, жасы бойынша; - негізгі себептермен өлімнің азаюы. Кедейшіліктің экологиялық көрсеткіштері келесі бөлімшелермен көрсетіледі: - қоршаған ортаға ықпал ету және табиғи ресурстарды қолдану; - су ресурстары; - атмосфера; - жер ресурстары. - орман ресурстары, ұлттық парктер мен қорықтар; - қоршаған ортаны қорғау мен қайта құру шығындары. Жоғары аталған көрсеткіштер құрамында кедейшіліктің гендерлік аспектісін сипаттаушы көрсеткіштер бөліп көрсетіліп, келесі топтарға жіктеледі: - халық; - денсаулық; - білім беру; - жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық; - қылмыскерлік; - мемлекеттік басқару; Нәтижесінде кедейшілік мониторингінің индикаторлар жүйесімен жұмыс барысында 65 мақсаттық және 103 қосымша индикатор таңдалып, он бір бөлімге топтастырылды.( 2- кесте) Қосымша индикаторлар жағдайы республиканың адам дамуын және кедейшілікті азайтуды қамтамасыз етудегі негізгі мақсаты және міндетіне сәйкес мақсатты көрсеткіштермен қатар адам дамуы және кедейшілік аспектісінде жағдайды толық ашу үшін енгізілген. Осылайша, берілген мониторингтің индикаторлар жүйесі республика алдындағы жекелей мақсаттарға қол жеткізуді қарастыруға ғана емес, кедейшіліктің азаюы жағдайын және халықтың өмірлік деңгейінің өсуін талдауға мүмкідік береді. Ұсынылған көрсеткіштердің бірқатары статистикалық тәжірибе әрі енгізілмегендігін айта кету керек. 168 ұсынылған көрсеткіштің 33 немесе 20%. Олар кедейшілік мониторингі көрсеткіштер жүйесінің бөлімдері бойынша кестеде көрсетілген.

Индикаторлар жүйесінің жекелеген бөлімдері бойынша жаңа көрсеткіштер тең бөлінбеген. Осылайша, «демографиялық дамуда» ұсынылған 16 көрсеткіштің барлығы есептелген, ал «Денсаулық және тамақ» бөлімінде 8 жаңа көрсеткіштер бар. Алайда олар бөлімнің барлық көрсеткіштерінің 16% -ғана құрайды. Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің барлық 4 көрсеткіші (100%) жаңа болып табылады. Жүйенің әр бөлімі бойынша кедейшілік мониторингінің мақсатты және қосымша индикаторлар құрамы, олардың анықталуы, әдістемелік есебі, мәліметтер көзі басқа да түсініктемелері «Кедейшілік мониторингі индикаторлар жүйесінің мәліметтері» қосымшасында көрсетілген.

2.3 Макроэкономикалық және интегралдық көрсеткіштер Макроэкономикалық және интегралдықкөрсеткіштер құрамында мақсатты көрсеткіш ретінде экономикалық өсу және жан басына шаққандағы өндірілген қосымша құн көлемі көрсеткіштері алынған: - нақты ЖҰО өсу қарқыны; - экономикалық іскерліктің негізгі түрлері бойынша жалпы қосылған құн көлемінің индексі; - Ұлттық банк рессми курсы бойыынша жан басына шаққандағы АҚШ долларындағы ЖҰӨ; - ППС бойынша АҚШ доллары мен жан басына шаққандағы ЖҰӨ. 2002-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы кедейшілікті азайту бағдарламасы бойынша мақсатты индикатор ретінде тек осы тізімдегі үшіншісі ғана көрсетілген. Алайда ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты курс өзгеруін ескерсек бұл көрсеткіштің динамикалық қатары жан басына шаққандағы ЖҰӨ динамикасын нақты көрсетпеді, ПГС бойынша есеп көрсеткіші де қабылданған. Оған аргумент 1998 жылы Ресей валюта кризисінен кейін болған жағдай, ол теңгенің АҚШ долларына қатысты девольвациясының қажеттілігіне әкелді. Нәтижесінде 1999 жылы ЖҰӨ-ң 2,7% өсуіне қарамастан ЖҰӨ көлемінің 1460-тан 1129 АҚШ долларына (жан басына шаққанда) азаюына әкелді. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ бағалауда анықтаушы жалпы экономикалық өсу болғандықтан тізім екі алғашқы көрсеткішпен толықтырылады. Қосымша индикатор ретінде келесі статистикалық көрсеткіштер анықталады: - ЖҰӨ -дегі әлеуметтік қызметке мемлекеттік шығын үлесі; - ЖҰӨ -дегі білім беруге мемлекеттік шығын үлесі; - ЖҰӨ -дегі денсаулық сақтауға мемлекеттік шығын үлесі; - алдыңғы жылғы пайыздағы тұтыну бағасының индексі; - адам факторының даму индексі; - халық кедейшілігінің индексі; - Гендер факторын ескергендегі адам факторының даму индексі. Үш соңғы индекс адам факторы дамуының концепциясына сәйкес есептеліп, адам факторы дамуы бойынша дүниежүзілік және ұлттық есеп беруде жарияланады. Соның өзінде тек біріншісі ғана жүйелі, қалғандары кезеңдік есептеліп жарияланады. Осы индикаторлар негізінде республика және оның аймақтарындағы экономика және адам факторы потенциалының дамуындағы кей тенденцияларды қарастырайық. Ауыспалы экономикалы барлық елдердегі сияқты Қазақстан Республикасында өндіріс құлдырауы көрініс тапты. АҚШ-та өндіріс құлдырауы 1933 жылы 1929 жылмен салыстырғанда 27% құрады. Одан кейінгі жылда 1937 жылғы деңгей 1929 жылмен салыстырғандағы өндіріс деңгейі 5,1% өсті. Қазақстанда экономикалық құлдырау 1990ж. деңгеймен салыстырғанда 1991-1995 жылдары 36,6% құрады, яғни 5 жыл ішінде жыл сайын шамамен 8%-ға. Кейінгі 5 жылда экономикалық өсуге қарамастан (1995ж. қарағанда 12,9%) ЖҰӨ өндіріскөлемі 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда тек 69,3% ғана құрады. 1990-1997 жылдардағы Қазақстандағы ЖҰӨ өндіріс динамикасына екінші тәртіптегі регрессия теңдеуі сәйкес келеді: аппроксимация коэффициенті 0,9794 құрайды. ЖҰӨ өндірітің нақты динамикасы 1998-2002 жылдары теориялық мәліметтерге жақын болды. Ол екі жыл бұрын жасалған Қазақстан 2004 жылы өндіріс масштабы бойынша 1990 жылғы деңгейге қайта келеді деген болжамын нақтылады. 1999-2004 жылдардағы Қазақстанның жеке салалары бойынша жалпы қосылған құн өндірісінің динамикасы тұтастай ЖҰӨ өндіріс динамикасынан ерекшеленеді.

Осылайша 2004 жылғы ауыл шаруашылығындағы жалпы қосылған құндағы өндіріс 1999 жылға қарағанда 40% азайды. Ең төменгі құлдырау 1998 жылы байқалды: өндіріс көлемі 1990ж. салыстырғанда 2,5 есе төмен болды. Өнеркәсіпте құлдырау 28% құрады, 1995ж. екі есе асып кетті. Құрылыста өндіріс көлемі үш есе (1996 ж. алты еседен көп), саудада – 2,4% (1995 жылда 1,6 есе), транспортта 43% (1995 жылы бір жарым есе) қысқарды. 1993-2002 жылдар аралығында елдегі халық саны азайып 2002 ж. 1990 жылмен салыстырғанда 91,0% құрағандықтан жан басына шаққандағы ЖҰӨ қарастырылатын кезеңде 13,7% -ға емес тек 5,1% қысқарды. Осылайша, Қазақстандағы ЖҰӨ динамикасыкөрсеткендей 1991-1995 жылдардағы экономикалық құлдырау 1996-200 жылдары анықталмады. Ел халқының 9% -ға азайғандығына қарамастан жан басына шаққандағы ЖҰӨ 1990 жылғы деңгейден әлі де аз. Мұның бәрі Үкімет пен аймақ әкімдері елдің экономикалық потенциалын жаңа экономикалық жағдайда әлі де толық қалыптастыру міндеттерін шешу керектігін көрсетеді. 1998-2002 ж. ЖҰӨ өндіріс динамикасы мен салыстырғанда екі жыл ішінде экономикалық құлдыраудан өтіп, ел экономикалық өсу траекториясына өтеді деп күтілуде. Қазақстан Республикасындағы ХХ ғасырдың кейінгі он жылдығындағы адам факторының динамикасын төмендегі кесте негізінде жалпы бағалауға болады.Туылудағы 1995 жылғы өмір ұзақтығының ең төменгі нүктесі 63,5 жылды құрады. 1996-2001 жылы адам факторының өсу индексі 47 пунктқа өсті, яғни 49% құрады ол жан басына шаққандағы ЖҰӨ өндірісі ППС бойынша 2331 АҚШ долларын құрағандығына білім алудың қамтылуының 25% өсуіне, күтілген өмір сүру ұзақтығының 2,2 жылға өскендігіне байланысты болды. Нәтижесінде он жыл ішінде адам ресурстарының индексі 5 пунктке өсті, ол халықтың білім дәрежесінің өсуіне, ЖҰӨ өндірісінің жан басына шаққандағы деңгейінің өсуіне, біліммен қамтылу деңгейінің өсуіне байланысты болды. Есептеулер көрсеткендей өмірдің ұзақтығының 65,7 жастан 75 жасқа өсуі күтілетін өмір ұзақтығының өсу индексін 155 пунктқа ұлғайтар еді. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ өндірісінің екі есе өсуі жан басына шаққандағы табыс индексін 116 пунктке (0,705 тен 0,821 –ге) өсуіне мүмкіндік берер еді. 6-24 жастағы адамдарды оқытумен 100 пайыздық қамту білім беруге қол жеткізу индексін 60 пунктке (0,037 ден 0,997-ге) өсуіне мүмкіндік береді. Жиынтығында ол Қазақстанның адам факторы даму индексін 111 пунктке (0,884 дейін) ұлғаюына мүмкіндік береді. Бұл сандарға 15-20 жылда жетуге болады. Алайда басқа елдер де орнында тұрмайтындығын ескеру керек.

Адам факторының жоғары даму деңгейі 1999-2000 жылдардағындай тек Атырау (0,852) және Манғыстау (0,842) облыстарында және Алматы қаласында (0,843), Астанада (0,827) болып отыр. Республикалық мәннен жоғары адам факторының даму индексі 0,766-0,783 интервалында Батыс Қазақстанда. Павлодар, Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында Республикалық деңгейден сәл төмен индекс шығыс Қазақстанда, Қызылорда және және Қостанай облыстарында (0,745-0,745).

Адам факторының даму индексі бойынша таблицаның соңында Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстары тұр 0,703-0,738 көрсеткішімен. 1993-2001 жылдарда АФДИ көпшілік аймақтарда өсті Атырау, Маңғыстау облыстары Алматы қаласының АФДИ біршама жоғары болды, ол жан басына шаққандағы ВДС өсуіне байланысты, ол 2,2-5,4 есе болып отыр. 1996-2001 жылдарда Қазақстанның барлық аймақтарында Сошлтүстік Қазақстаннан басқа АФДИ өсуі байқалуда, ол адам дамуының құрамдас компоненттерінің барлық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты. Адам дамуы индексінің біртіндеп өсуіне қарамастан бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан аймақтарындағы дифференциация ұлғаюда. Осылайша, 1993 жылы аймақ АДИ максималды мәні аймақтардың АДИ минималды мәнінен 12% жоғары болса 2001 жылы 20%-ға жетті. Ең біріншіден ол аймақтарда сақталып отырған ВДС өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі бойынша айырмашылығына байланысты, ол 2001 жылы 11,7 есені құрап отыр. Білім алуға қол жеткізу деңгейінің дифференциациясының мәні төмен, алайда 2001 жылы бұл көрсеткіш мәні жоғарылады (0,098). Аймақтар ерекшелігінде маңызды орын алатын күтілетін өмірлік ұзақтықтың көрсеткіші, ол 2001 жылы 4,1 жылды құрады. 2004 жылы адам дамуының жекелеген көрсеткіштерінің максималдық мәндерін жеке аймақтар бойынша қарастырайық. Ең жоғары туылу кезіндегі өмір ұзақтығы Астана қаласында 67,7 жыл, ол 1986-1987 жылдардағы бұл көрсеткіштің ең жоғары мәнәнен үш жылға өсіп отыр. Қазақстан бойынша орташа күтілетін өмір ұзақтығы 70,5 жылды құрайды. Яғни Қазақстанның еш аймағында өмір ұзақтығының жоғары деңгеиі байқалмайды. Ең жоғары білім деңгейі 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді 99,9%, Алматыда 99,8%, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстары, Астана қаласында 99,7% . 6-24 жастағы халыққа қатысты оқитындардың жиынтық үлесі Астана және Алматы қалаларында 100%, ол бұл қалалардың білім орталықтары болғандығына байланысты. сондай-ақ Ақтөбеде бұл көрсеткіш 88,5%. Атырауда 90%, Маңғыстауда 98,6% құрап отыр. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ ең жоғары көлемі Атырау облысында – 27051 АҚШ доллары, одан кейін Маңғыстау – 18273 АҚШ доллары, Алматыда – 13827 АҚШ доллар. Мұндай нәтижеге Қазақстанның көпшілік аймақтарында 10-20 жыл ішінде жетуге болады.

Елде өндірілген жан басына шаққандағы елдің табысы облыстардағы адам дамуының мүмкіндіктерін теңестіруге мүмкіндік береді. Осылайша, 1993-2001 жылдары облыстар арасындағы бұл көрсеткіш бойынша айырма 5-тен 12 есеге дейінгі көлемді құраса, аймақтардағы жан басына шаққандағы халықтың ақшалай табысы арасындағы айырма 3-4 есе ғана болды. 1993 жылы халықтың ақшалай табысы орташа Республикалық деңгейінің жоғарыға ауытқуы 83% құрады (Алматы қаласында), ал төменге ауытқу 44% құрады (Оңтүстік Қазақстан), ал 2001 жылы сәйкесінше 118% (Астана қаласы) және 41% (Жамбыл облысы). Егер адам дамуы индексінің есебінде жан басына шаққанда ВРП өндірісі көлемінің орнына халықтың ақшалай табысын қолдансақ, адам потенциалының аймақтар бойынша даму индексінің көлемі мен динамикасының аз дифференциациялануы байқалады. 2001 жылы орташареспубликалық деңгеймен (0,773) салыстырғанда жоғары АДИ Астанада (0,848), Алматыда (0,836) болды. Орташа республикалық деңгейге (0,763-00,769) жақын АДИ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Төменгі таблицада көрсетілгендей Қызылорда облысында 1996жылы Ади төмен болған, 1995-1998 жылдары орташа Респуликалық деңгейге жақындайды. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында индекс өте төменҚостанайда 1998 жылға дейін АДИ республикалық деңгейден жоғары болған. Алайда, кейінгі 4 жылда бұл облыстағы индекс күрт төмендеді. Егер Қазақстан аймақтарын 2002 жылғы ПРООН адам дамуы туралы дүниежүзілік Баяндамасында көрсетілген елдер мен қатар адам дамуы индексі шкаласына орналастырсақ келесідей көрініс шығады. Жалпы Қазақстан аймақтары 2001 жылы жан басына шаққандағы өндіріс көлемінен келген АДИ иеленді, олар 2000 жылы әлемде 32-105 орын алған АДИ бұл елдермен салыстырылды. Адам дамуының жоғары деңгейі 32-33 орын алатын (Бруней Даруссалам, Чех Республикасы) елдер мен сәйкес келгені Атырау облысы, одан кейін Алматы қаласы (0,843) және Маңғыстау облысы (0,942) Аргентина деңгейінде (34 орын), сондай-ақ Астана қаласы (0,827). Багам аралдары деңгейінде тұр (41 орын). Батыс Қазақстан облысындағы АДИ 62-64 орын алатын елдермен (Болгария, Румыния, Ливия Араб Джамахириясы) салыстырылған. Қарағанды облысының АДИ республика деңгейінен сәл жоғары болып, Венесуэла (69 орын) деңгейінде тұр. Орташа республикалық деңгейден төмен АДИ Батыс Қазақстан облысында (0,749) Украинамен салыстырылды (83 орын) одан кейін Қызылорда және Қостанай облысы Гренада және Мальдив аралдары деңгейінде тұр. Алматы облысы олардан біршама артта қалып отыр, сөйтіп Молдава Республикасымен салыстырылуда (105 орын). Егер жан басына шаққандағы ақшалай табыстан есептелген АДИ қарастырсақ облыстар біршама топтастырылады: сәкесінше индексті елдер әлемде 33-91 орындар алды. Тек Астана және Алматы қалаларында ғана адам дамуының жоғары индексі болады, сөйтіп Чех Республикасы және Венгрия деңгейінде орналасуға мүмкіндігі болады, орлар әлемде 33 және 35 орында тұр. Адам дамуының жоғары деңгейлі елдеріне Маңғыстау облысы (0,798) жақындап Мексика деңгейіне (54 орын) орналасады. Қалған облыстар 62-78 орын алған елдер деңгейінде орналасты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеті өмір сапасымен деңгейін жүйелі көтеру болып табылады. Жарықтың экономикаға транзиттік көшудегі объективтікқиындықтарға орай 80ж. бірінші жартысында өмір деңгейінің төмендеу тенденциясы орын алды. Кейінгі жылдары өмір деңгейі өсті, ол әрине экономикалық өсумен байланысты. Экономиканың жақсаруы кедейшілікке жағымды әсер етіп, оның азаю тенденциясы байқалды. Соған қарамастан кедейшілік мәселелері қалып отыр. Сол себепті кедейшілік мәселелерін шешуді бағалау үшін индикатор таңдау мемлекеттің халықтың өмір деңгейін жоғарылату стратегиясының жетістігінің кепілі болып табылады. Кез келген экономикалық жүйеде кедейшілік бар. Алайда кедейшілікті анықтау критерийлары, оның таралу масштабы әр мемлекет үшін ерекше болып табылады. Қазақстандағы халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін халықтың жеке топтары арасында материалдық игіліктерді қолдану, бөлу құрамы және көлемін сипаттайтын статистикалық мәліметтер негізінде құрылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық индикаторлар қолданылады. Халықтың өмірлік деңгейінің негізгі индикаторы халықтың табысы және шығыны, еңбекақы мен зейнетақы көлемі, өмір сүру минимумы көлемі, халық табысының дифференцациясының көрсеткіші, тамақ өнімдерін тұтыну деңгейі болып табылады. Кедейшілік көпжақты болғандықтан оны сипаттау үшін қолданылатын индикаторлар оны өлшеудің көп аспектілігін қамтамасыз етуі керек. Сол себепті осы жоба шегінде бірқатар көрсеткіштер ұсынылуда , оларды енгізу күрделі болып отыр. оларды тәжірибеде қолдануда қажеттілігін негіздеу үшін, орларды есептеуде ақпарат массивімен қамтамасыз ету үшін, жаңа индикаторларды әдістемелік қамтамасыз ету үшін уақыт керек. Осылайша талдауда қолданылатын дәстүрлі көрсеткіштерге кедейшілік мониторингін және өмір деңгейін талдаудың көрсеткіштері келесілермен толықтырылды: кедейшілік индексі (1 АҚШ долларынан төмен табысы бар халықө үлесі ППС бойынша); Экономикалық өсуден кедейшілікті қысқарту икемділігінің индексі немесе теңсіздікті қысқарту. Табыстар.Халықтың өмірлік сапасын анықтаушы халықтың экономикалық жағдайының көрсеткіштері көрсеткіштеудің ішіндегі маңыздысы болып отыр. Табыс ролі бұл жерде негізгі сүйенуші, себебі, ол көпшілік экономикалық факторлардың туындысы. Экономикалық өсу халықтың өмірлік деңгейімен табыс көрсеткішіне жағымды әсер етті, 1999 жылдан бастап халықтың ақшалай табысы тұрақты өсті. Алайда, бірқатар облыстарда белгілі бір жылдарда халықтың ақшалай табысы баға өсуінен қалып отырды, ол жердегі нақты табыс азайды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2002 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы республика бойынша 13,8% құрады, ал нақтысы 7,5%. Нақты табыс барлық облыстарда өсті. Халықтың өмірлік деңгейін талдау үшін ақпараттың негізгі және басты көзі барлық елдерде халық жағдайын талдау үшін толық ақпарат алуға мүмкіндік бкрктін үй шаруашылықтарын зерттеу болып табылады Қазақстанда 2001 жылдан бері үй шаруашылықтарын таңдап зерттеу жаңа бағдарламамен жүргізіледі. Статистика бойынша Агенттік, «тұтынуға қолданылған табыс» сияқты көрсеткішті есептейді. Ол халықтың жеке өндірісіндегі өнімді тұтыну және тұтыну құнына қолданған номиналдың ақшалай табысының сомасы ретінде есептеледі. Бұл жерде шаруашылықтарының алатын натуралдық формадағы трансферттері ескеріледі. Бұрында халықтың өмірлік денгейін сипаттау үшін халықтың ақшалай табысы көрсеткіші қолданылған. Халықтың тұтынуға табысы, көрсеткіші көптеу, себебі, үй шаруашылығының басқа да табыстары кіреді. Тұтынуға қолданылатын табыстың құрылуы ақшалай табыс есебінен жүрсе де, 2002 жылғы жеке өндіріс өнімдерінің бағасының жиынтық құны орта есеппен 14,2% құрады. Халықтың табысы тұрақты өсуде. 2002 жылы орташа айлық тұтыну табысы 6518 теңгені құрады, ал алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,8% жоғары. 2001 жылы ол 13,9%, ал 2000 жылы 9,6% өскен. Халықтың табысының және өсу динамикасының бөліп таралуының аймақтық жағдайы тең емес. Аймақтарды әлеуиеттік саясат жасауда және оның тиімділігін бағалауда дұрыс салыстыру үшін өмір деңгейіндегі аймақтың ерекшеліктерді ескеру қажет. 2001 жылдан бері аймақтар үшін репрезентативті болып табылатын үй шаруашылығы зерттеу нәтижелері аймақтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс дифференциациясы біршама екендігін көрсетті. Ең жоғарғы табыс деңгейі:Астана және Алматы үй шаруашылықтарында қалыптасты. Республикалық деңгеймен салыстырғандағы ең төмен ақшалай табыс: Жамбыл, оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарында.

Үй шаруашылығы табысы келесі компоненттерден құралған: еңбек ақы, зейнет ақы және мемлекеттік әлеуметтік пособиялар мен әлеуметтік көмек, жеке жұмыспен қамтылу табысы және басқа да табыстар, олардың ішінде стипендия, алимент. Отбасының негізгі және маңызды ақшалай табыс көзі жалдамалы еңбек пен жеке жұмыспен қамтылу қалып отыр. 70% үй шаруашылықтары жолдамады жұмысты табыс көзі ретінде көрсетіп отыр. Үй шаруашылығының табыс құрылымындағы еңбек табысының үлесі бес жыл бойына өзгерместен 72% болып қалуда. Егер халықтың әр түрлі өнім сатудан түскен табысын ескерсек жалпы табыстағы еңбек іскерлігінен табыстың үлесі 80% құрайды еңбек ақы, үй шаруашылығының 68% табыс көзі ретінде еңбек ақыны көрсетеді. Халықтың ақшалай табысының өсуі ең бірінші еңбек ақы өсуіне байланысты. Макроэкономикалық жағдай жақсаруы және инфляциялық процесс төмендеуіне орай кейінгі жылдары еңбек ақы динамикасы номиналдық есептелуімен нақты көріністе орташа мөлшерінің реттік өсуін көрсетеді. Номиналдық еңбек ақының өсуінің тұтыну бағасы индексі өсуінен асуы бірнеше жыл бойы көрініс тапты, ал еңбек ақының нақты өсуінің көрсетеді. 2004 жылы еңбек ақының нақты индексі 110,1% құрады.

Шығындар: Халықтың ақшалай шығындары да өсті. 2000 жылғы 3945 теңгеден 2002 жылы 5671 теңгені құрады. Республикада үй шаруашылығын таңдап зерттеу нәтижесінде жан басына шаққандағы шығындар 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 15,3% өсті. Оның құрылымында тұтыну шығындарының үлесі жоғары. Тұтыну шығындарының құрамында тамақ өнімдері мен алкогольдік емес шырындардың жиынтық үлесі 46,9% құрады. Тамақ емес тұтыну өнімдері 25,6%, қызметтер 25,4% құрады. Кейінгі жылдары тұтыну құрылымында өзгерістер жүруде, олар қызмет шығындарының үлесінің өсуінде көрініс тапты. Төмен қызметтерінің шығыны үлесі, тұрғын үй-коммуналдық қызмет төлеу шығындарына қарағанда өсіп отыр. Өмір сүру минимумы-бір адамға шаққандағы қажетті ең төменгі ақшалай табыс, ол мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну карзинасының құнына тең.

Өмір сүру минимумын есептеу үшін республикада нормативтік көзқарас қолданылуда. Тамақ өнімдерін тұтыну нормасы республика халқы үшін бір және Ұлттық тамақтану институтымен физиологиялық деңгейде негізгі тамақ өнімдерін тұтыну және энергетиклық құндылықтармен қамтамассыз ету концепциясына негізделіп жасалады. Сол себептен тұтыну корзинасындағы тамақ өнімдері қажетті тамақ өнімдерінің негізгілерімен қамтамассыз етіледі. Тамақ өнімдері және басқа да өнімдер арасындағы қатынас ұзақ мерзімге нормативтік актімен тағайындалды. Тұтыну корзинасының құны ай сайын тамақ өнімдерін тұтыну нормасын орташа бағаға көбейту жолымен есептеледі(әр облыс бойынша, ол әр аймақ бойынша өмір сүру минимумындағы инфляция деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сол себептен баға өмір сүру минимумына әсер ететін негізгі фактор болып табылады, себебі тамақ өнімдерін тұтыну нормасы тұрақты болып келеді. 2002 жылы өмір сүру минимумы 4526 теңгені құрады. Тамақ емес тұтыну тауарларының өмір сүру минимумындағы үлесі 30% құрады.

2002 жылы өмір сүру минимумы алдыңғы жылмен салыстырғанда аз ғана өсті. 2002 жылы өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда барлық облыстарда әр түрлі дәрежеде болғанмен көрініс тапты. Ең көбі батыс Қазақстан облысында - 115,1% ал ең азы Қарағанды облысында - 101,3%.

Өмір сүру минимумының мөлшерінің құндық құрылымы бір жыл бойына тұрақты болды. Кей құрылымдық өзгерістер баға өсуімен байланысты. Нәтижесінде 2002 жылы қалыптасқан өмір сүру минимумының құрылымы принципиалды түрде алдыңғы жылдан ерекшеленбеді. Алдыңғы жылдаға өмір сүру минимумының 50%-ын негізгі тамақ өнімдеріне шығындар құрайды; нан, ет, сүт т.с.с. Нан және нан өнімдері. Ет және балық, сүт және жұмыртқа. жануар және өсімдік майы. Кедейшілік. нарықтық қатынастарға көшуде Қазақстанда кедейшілік мәселесі пайда болады. Халық жаңа экономиклық қатынастарға дайын болмады, ол халықтың өмірлік деңгейінің төмендеуінің маңызды факторы болды. Социалистік қоғам трансформациясының нәтижесінде күрт экономикалық құлдырау, жұмыссыздық, хадықтың табысының азаюы және бюджет дефециті болды. Жағдай тек 1996 жылы информацияны тоқтатқан соң ғана тұрақтанды. Ал 1997 жылы ЖҰӨ өсуі көріне бастады.Бұл уақытта халықтың ір түрлі категориялары жұмысын жоғалту немесе ақшаның сатып алу қабілетінің күрт төмендеуі есебінен табыстан айырылу нәтижесінде зардап шекті.

Бұрында жағдайы жақсы әлеуметтік топтар: дәрігерлер, мұғалімдер, квалификациялық жұмыскерлер ішінен кедейлер пайда болды. Кедейшілікті өлшеу үшін республикада Фостер-Гриел-Гиорбеке көрсеткіштер жүйесіне жататын индикаторлар қолданылды. Ол жүйеге кедейшілік деңгейінің индексі, кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі. Кедейшілік деңгейінің индексі халық ішіде аз табыстың таралуын анықтау үшін индикатор болды. Яғни табысы өмір сүру минимумынан төмен үй шаруашылықтарының үлесі. Егер кедейшілік тереңдігі және өткірлігі сияқты индикаторларды қосымша қолданса кедейшілік таралуының масштабына толық сипаттамаберуге болады. Кедейшілік деңгейі немесе кедейшілік тереңдігі арасындағы айырма индексі үй шаруашылығының табысы өмір сүру минимумынан орташа есеппен алғанда қаншаға төмен екендігін көрсетеді. Ал кедейлілк өткірлігінің индексі алдыңғы көрсеткішті толықтырып, кедейлілік тереңдігіне толық сипаттама береді және кедейлер арасындағы теңсіздікті көрсетеді. 2000-2002 жылдардағы ЭСТ индексінің мәнінің төмендеуі үш аспектіде кедейшіліктің қысқаруын куәландырады- таралу масштабында, тереңдігінде және өткірлігінде. Халық табысының үлесінің өмір сүру минимумынан азаюы халықтағы кедейлер санының абсолютті қысқаруы туралы айтуы, ал кедейшілік тереңдігі көрсеткішінің азаюы халық табысының ұлғаюын көрсетеді. Кедейшілік тереңдігінің көрсеткішінің төмендеуі ең кедейлер ішінде кедейшілік деңгейіндегі айырмалар азаюын куәландырады. Экономикалық жандануы нәтижесінде елдегі табысы өмір сүру минимумынан төмен халықтың ұлесі азайды, 2002 жылы 24% құрады, тұтыну корзинасынан 8,9% төмен. Ол алдыңғы жылдармен салыстырғанда көпке төмен. Бір уақытта кедейшілік тереңдік және өткірлік көрсеткішінің азаюы кедей үй шаруашылықтарының табысының өсуін растайды, сөйтіп үй шаруашылықтары табысының арасындағы айырма азаюда. 2002 жылы барлық аймақтарда табысы өмір сүру минимумынан төмен халықтың үлесі азайды. Қазақстан территориясында кеждейшіліктің таралуы бойынша аймақ аралық айырмашылықтар біршама және табыс дифференцациясы, сонымен қатар аймақтардағы өмір сүру минимумы мөлшерімен байланысты. Өмір сүру минимумынан табысы төмен халықтың үлесі Маңғыстау облысына (48,4%) және Оңтүстік Қазақстан облысына (38,4%) келеді. Ең азы Астанада (2,4%) және Алматыда (5,5%).

Экономиканың трансформациясы түбегейлі өндірістік қатынастарды өзгертті. Еңбек қатынастары сферасымен әсіресе, қысқа мерзімде постсоцииалиьсттік елдер жалпыға бірдей, міндетті жұмыспен қамтылу концепциясынан бас тартты. Нарықтық экономика еңбек нарығында жаңа ережелер тағайындады, жұмыспен қамтылу еңбек күшіне сұраныспен ұсынысқа байланысты. Өтпелі кезеңде жұмыспен қамтылған жұмыс күшінің саны күрт төмендеді. Экономиканың жандануымен еңбек нарығында 1999 жылдан бастап жұмыспен қамтылған халық саны өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. 2002 жылы елэкономикасында 6,7 млн адам жұмыспен қамтылды. Нарықтық қайта құрулар жұмыспен қамтылғандардың жаңа категориясын қалыптастырды – жеке жұмыспен қамтылғандар 2002 жылы халықтың 40% құрады. Оған жеке сектордың динамикалық дамуы әсер етті. Егер 1991 ж. жұмыспен қамтылғандардың 96% жалдамалы жұмыскерлер құраса 2002 ж. тек 60% болып отыр. Экономикалық іскерліктің жандануы, жаңа өндіріс құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау 1999 ж. 13,5%, 2002ж. 9,3%

Жұмыссыздық-кедейшіліктің басты себептерінің бірі болып табылады. Егер 1999 ж. Жұмыспен қамтылмау кедейшіліктің басты себебі болса, 2002 ж. Бірінші орынға төмен еңбекақы мәселесі қойылуда. 2002 ж. Сұрау нәтижесінде кедейшілік себебі және жағдайы бойынша тек 13% үй шаруашылықтары материалдық жағдайдың төмендігінің себебі ретінде жұмыстың болмауын көрсетті, қалған бөлігі еңбекақы төмендігін көрсетті.

Обылыс Алматы және Астана қалаларының еңбек, жұмыспен қамтылу және әлеуметтік қорғаудың аймақтық басқармаларының мәліметтеріне сәйкес 2002 ж. Еңбекпен қамтылу делдалдығына 362,8 мың азамат келді. Олардың 136,5 мыңы немесе 37,6% ауыл тұрғындары болып табылды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30,1 мың адамға немесе 9% өсті. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 148,6 мың адам немесе 2002 ж. Төмен сұрағандардың 41% жұмысқа тұрды, олардың 29,8 % ауыл тұрғындары. 2002 ж. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 134 мың жұмыссыздар қатысты, ол жалпы көмек сұраған азаматтардың 37% құрады. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан ауыл тұрғын,дарының саны 59,1 мың адам немесе 41,1%. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысқандар қала аймақтарын тазартты, аймақтарды гүлдендіруге, құрылысқа, әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысты.

Похожие материалы