Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қ.Келімбетов: Ел экономикасы үшін зейнетақы қорынан қаржы жұмсалады

Қ.Келімбетов: Ел экономикасы үшін зейнетақы қорынан қаржы жұмсалады

Қазақстанның Ұлттық банкі ел экономикасын қолдау мақсатында 2016 жылы мемлекеттік зейнетақы қорынан қаржы (3,6 млрд доллар) жұмсайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігі.

"Мемлекеттік зейнетақы қорының (жалпы көлемі - 1 триллион теңге) 400 млрд теңгеге жуығы бюджет қажеттілігі үшін жұмсалады", — деді Қ. Келімбетов. Қаржының қалған бөлігі түрлі жобаларды қаржыландыруға, құрылыс жұмыстарына бөлініп, банк несиесі арқылы жүзеге асырылады. Банк төрағасының сөзінше, Анлия банкінің "funding for lending" (несие үшін қаржыландыру - ред.) бағдарламасына ұқсас кесте құрылады. Сондай-ақ, Қ. Келімбетов алдағы 4-5 айда теңгеге қатысты доллар бағамы 250-270 теңгеге тұрақталатынын және бұл оңтайлы болатынын жеткізді. Ал теңгенің ары қарай әлсіреуі баға тұрақтылығы мен банк секторындағы капиталдың нормативтеріне байланысты болуы мүмкін.

Похожие материалы