Экономика
Келісім-шарттың бұзылғаны үшін Фабио Капеллоға төленетін өтемақы көлемі белгілі болды
Ресейдің футбол құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Капелло отставкаға жіберілді. Италияндыққа берілетін өтемақы көлемі 930 млн рублді құрайды деп жазады «Р-спорт» агенттігі келіссөздер жайынан хабардар дереккөзіне сілтеме жасап.
Отставка туралы ресми түрде Ресейлік футбол одағының (РФО) президентінің міндетін атқарушы Никита Симонян 14 шілдеде хабарлауы қажет.
"Капеллоның отставкасы туралы мәселе оң шешілді. Өтемақы көлемі 15 млн еуро немесе 930 млн рубльді құрайды", - деп атап өтті агенттік. 13 шілдеде
sports.ru Фабио Капелло бас жаттықтырушы лауазымынан кетті деп хабарлаған еді. Жаттықтырушы мен құрамының бас менеджері Оресте Чинквини келісімді бұзу туралы құжатқа қолдарын қойды.
Осыған дейін мәскеулік ЦСКА президенті, РФО-ның қаржы комитетінің басшысы Евгений Гинер Капеллоның Ресей құрамасының жаттықтырушысы қызметінен кеткені үшін төленетін өтемақы көлемін 30 млн еуро деңгейінде бағалаған еді.
Ресей құрама командасы Еуро-2016 чемпионатының іріктеу турынан кейін 8 ұпаймен G тобында үшінші орында тұрақтады.