Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Одағының соңғы маршалы Дмитрий Язов қайтыс болды

Кеңес Одағының соңғы маршалы Дмитрий Язов қайтыс болды

Бүгін 96 жасында ауыр науқастан КСРО-ның соңғы маршалы, Қорғаныс министрі Дмитрий Язов қайтыс болды. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап ресейлік БАҚ хабарлады.

Язов КСРО-ның маршалы атағы берілген соңғы әскери. Оған бұл атақ 1990 жылы берілген еді. Сонымен қатар ол 1987-1991 жылдары КСРО-ның соңғы қорғаныс министрі болды.

Маршал Язов 1924 жылы Омбы облысында дүниеге келген. 1941 жылы Мәскеудің жаяу әскер училищесінде оқыды. 1942 жылдан Отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін 1956 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдап, КСРО аумағында әскери қызмет етті.

1987 жылы Армия генералы шенінде Қорғаныс министрі болды. 1990 жылы Михаил Горбачев маршал атағын берді. 1991 жылы ГКЧП қатарында болғаны үшін отставкаға жіберіп, кейін тұтқынға алынды. 1993 жылы ғана қамаудан босатылып, 1994 жылы Мемлекеттік Дума шешімімен амнистияланды.

Кейін Қорғаныс министрінің кеңесшісі, бас инспекторы болды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша маршал Язов Мытищыдағы әскерилердің қорымына жерленеді.

Похожие материалы