Экономика
Кешкі сессияда 1 доллар 281,27 теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 2 қарашаға арналған кешкі сессиясында доллардың орташа бағамы 281,27 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
АҚШ долларына қатысты сауда көлемі кешкі сессияда 11 200 мың доллар болды. Валюта курсына қатысты жасалған келісім саны — 12. Еуромен ешқандай операция жүргізілмеді.
Қазір Казком 1 долларды 282 теңгеге, Халық банк 281,90 теңгеге, Сбербанк 282 теңгеге сатып жатыр.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Теңгенің айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылады.
Фото: news.gazeta.kz сайтынан алынды