Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы (дипломдық жұмыс)
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік жэне муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кэсіпорындарының басым бөліғі жэнс материалдық емес сфера ұйымдары мсн мскемслерінің едэуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының баска мекмелері (жинақ ақша-деиозит мекемелері, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен үйымдар мүлкінің қозғалысы бұл акпарат өндіріс, шаруашылық-каржы жэне әлеуметтік қызметгі басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштсрі де болыл табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмст етеді.
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін түрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және баска кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.
Бүл жұмыстың мақсаты мемлекеттік жалпы республикалық деңгейдегі коммерциялық емес кэсіпорындардың каржысын жан-жақты ашып талдау.
1 .ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылъщ жүргізуші субъектілер қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдщің каржы ресурстарының негізгі бөлігі калыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - коғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу жэне пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтық қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы кызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кұрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кэсіпорындарымен жэне фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік жэне отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару мен пайдаланудьщ аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, оның жаңа иелікке көшуі жэне жекешеге немесе бірлескенге айналуы болып табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының - қогғамдардың, ассоциациялардың, концерндердің, консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтардың өзін -өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бүл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына жэне бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу жэне бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясыныц ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде кұнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бүл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөліғі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмүны жәй жэне ұдайы өндіріс кезінде материалдық жэне ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бүл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру жэне еңбек, материал, табиғи жэне еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бакылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылык жүргізуші субъектілер арасындагы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-эрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар блойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзініц еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);
мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы кағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тэуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгарлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бүл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес кұрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалык табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызметр етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
- қаржы қатынастарыныц көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
- өндірістік құралдардыц міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бүл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;
- жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлык жағына әсер ету мүмкіндігі;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл каржы жүйесінің айқындаушы болып табылады.
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар, ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастьрудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасыныц кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатьш материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды.
Бүл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың енімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы ксзінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қальштастыру — қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің козғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістігі, ұлттық шаруашылықтың текникалық - экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып келеді.
Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен (созыңқылығымен), маусымдылықпен, өндірістің табиғат жэне климат факторларына тәуелділігімен, шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына, қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен кәсіпорыңдардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен болатын өзара катынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді. Мұндай факторлар өндіріс шығындарының мөлшеріне әсерін тигізеді: мысалы, ұзақ кезеңді немесе маусымдық сипаттағы өндірістер аяқгалмаған өңдіріске қаражаттарды едәуір оқшауландыруды туғызады; құрылыста маусымдылық қыс уақытында жұмыстардың қымбаттауына әкеп соғады. Табиғи-климат факторлары жалақыға, сақтандыруға, аудандық коэффициенттерді төлеуге байланысты шығындарға соқтырады. Ақырғы қорытындысында шығындардың артуы кызметтің қаржылык, нәтижелеріне әсер етеді: нарықтық бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорындар өнімді өткізу кезінде аз табыс алатын болады немесе рынокта өзінің ұстанымдарын сақтап қалу үшін оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табуы тиіс.
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялык және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық қызметтіц мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жэнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-кимылдарды орындауға бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматгық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды түлға үғымы анықталады. Заңды тұлга деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік жэне мүліктік емес жеке қүқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды түлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес үйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылык мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетгіліктерін жабатын бюджеттік царжыландыру есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес кызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл кызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мүндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуың ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудьщ маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардыц және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардыц менгшігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық жэне коммуналдықменшік болып ажыратылады.
Меншікгің аталған нысандарының ішінде шаруашылык жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық қүрылымдары қалыптасуы мүмкін:
ІМемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағанышта болады.
1.Заңды тұлғалардың жеке менгиігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі түрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
2.Қоғамдық бірлестіктердіц меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
- Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
б.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашшық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардьщ мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен — мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүкін.
Жалпы меншіктін әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-қүқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып, кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік, жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кэсіпорындар ретінде күрыла алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде ісәрекет етеді және кэсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаларына бағынады.
Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құкықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіңдегі мүмкін болатын ұштасуы қаржы жүйесінің бүл буынының қаржы механизмін күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметі айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылык процестерді бақылауды қажет етеді.
1.3. Негізгі ұйымдық-қүқыктык нысандардын шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысыныц ерекшеліктері
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жургізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқыктық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылык қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы кағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтрде — кооператив мүшелерінің үлестік жарналарыньщ қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды қүрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооператвтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік коғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем жалға берілген мүлік құньшың амортизациялык аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін каражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдык қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылык қызметінің мынадай каржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жүмыс істейтін кәсіпорындардың — шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті қүқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің; "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылык, серіктестігі — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз кызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген:
1)толық серіктестік;
2)сенім серіктестігі;
3)жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4)қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5)акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мсн жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін катысушыларды және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.
Қаржы катынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды таратумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларыныд (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсьшушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады жэне акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік коғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойыыша дивидендтер төлеуге қүқығы жоқ:
1)қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
2)егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дерменсіздігі нышан-дарына жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметтілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада кепшілікке танылған нысан болыи табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін — акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлын тиімді кәсіпорындарды немесе салалардың қаражаттарын калыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта кұйылымына мүмкіндік жасайды. Акциоиерлік нысанның қүндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорьшдарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтык сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктің даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшьшығы — шидай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорының қызметіне оның акцияларын сатып алу аркылы қатысу мүмкіндігі. Нарық жағдайында акционерлік қоғамдардардың басқа ұйымдық-құқықтық нысаңдарға қарағанда айтарлықтай тұрақтылығы болады. Бұған табысты (пайданы) қоғамныц қалыптасу мүшесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокті жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды жүзеғе асыру есебінен қол жетеді. "Шектеулі жауапкершілік" қағидатының, яғни тек акцияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапкершіліктің іс-әрекеті жеке қаражаттардың негізінде пайда бола алмайтын жеткілікті тәуекелдік кәсіпорындарды (тез қайтарым мен жоғары табыстылық алу тұргысынан) құрудың алғы шарты болып табылады.
Экономикада едәуір орынды мемлтекеттік сектор алады. Бүл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істсйді:
1)шаруашылық, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету қүқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2)жедел басқару құқығына негізделген (қазыналык кәсіпорын) кәсіпорындар. Бүл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану жэне оған билік ету қүқығын жүзеге асыратын заттық қүқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
- республика меншігіндегі кәсіпорындар-республикалық мемлекеттік кэсіпорындар;
- коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар-коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсінорынмен еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндеті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің неғізгі міндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлуеметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін корғау;
экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған коғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік басқару органдарының басқару функцяларын орындайды.
Меншік иесі кәсіпорыңды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары, қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен пайданың бір бөлігін алуға құқығы бар.
Меншік иесіне аударуға жататын пайданың үлесі уәкілді органның Қаржы министрлігімен келісілгсн пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын пайданы бөлу нормативіндс белгіленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген кұндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Шаруашшық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 найызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өңдіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған мсншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджетгердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару жэне 2)өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, еріген, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;
3)заңнамада қаржыландырудың арнаулы тәртібі белгілснген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақүрылым объектілерінің жүйесін ұстау мен дамыту;
4)пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралык байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
5)топографиялық-геодезиялық және картографиялык жүмыстар жүргізу;
6)денсаулық сактау, табиғатты қорғау, білім беру, элеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасынша өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қүрыла алады.
Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган белгілейді. Қазыналық кәсіпорьндардың қызметі уәкідді орган бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кажетті жетпеген қаражатгар тиісті бюджеттен бөлінеді.
Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке аударылуға жатады.
Еншілес кәсіпорын — өз мүлкінің есебінен баска мсмлекеттік кәсіпорын құрған заңды тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу кұқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиалдарын дербес занды тұлға етіп қайта қүру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады.
Қызметтің түрлі сипатындағы — өндірістік, сауда-саттык, сервистік бірлескен кәсіпорындар үйымдастырылады. Бірлескен кэсіпорындар қолданыстағы заңдарды сақтау, меншікті жоспарлар, коммерциялық есеп, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру негізіндс жұмыс істеуі, ортақ жарғылық капиталы, дербес балансы болуы тиіс. Бірлескен кәсіпорьпадардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-әрскет етуінің тәртібі заңнамамен белтіленген. Кәсіпорын капиталыңцағы үлес уағдаластык бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішіңде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасыньщ) бір бөлігін валюта түрінде шет жакқа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтін жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанынын қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі түрі— өндірістік және тұтыну кооперативтері жүмыс істейді.
"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлесксн кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады. Ол жеке кәсіпксрлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүмкін жарғы салымдары, оның қызметіиен алынған табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Өдірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив» мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін кооперативтің жарғылық кахшталын құру көзделуі мүмкін.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.
Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл корытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен (бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмст керсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардыц қажетгіліктерін қанағаттандырып отырады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 21-індегі заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативі мүшелік негізде оның мүшелерінің (пайдаларының) материалдық жэне өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарътн біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматгардың ерікті бірлестігі деп танылады.
Занды тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.
Селолык тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тыйым салынбаған өзгс де кызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.
Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері — ПИК өзгеше ұйымдық құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.
- Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
2.1. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды түлға коммерциялык емес үйші деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-11 ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардьщ және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардьщ рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда кұрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдык бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанына және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда кұрылуы мүмкін. Бүл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қогамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табыдады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының, қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының, ерекшеліктерін анықтау үшін оның кұрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.
Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері заңнамалық актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заңнамалық актілерде өзгелері көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала өкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек кана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік қүрылымның бөлігі болып табылмайтьш ұйым жеке менгиік мекеме деп танылады.
Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің бөлігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған үйым қоғамдық бірлестік болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің (қатысушыларының) сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның, ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайыньщ ерекшеліктері "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес үйым қор деп танылады.
Қорға оның қүрылтайшылары берген мүлік кордың меншігі болып табылады. Қор жарғыда белгіленген мерзімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндстгі. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.
Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің, мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады.
Селолық түтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес, ауылдык жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзгеде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күрылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тұтыну кооперативі алған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Тұтыну кооперативінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайыңғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде косымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бүл міндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерін, соның ішінде селолық кооперативтерді құкықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалык актімен реттеледі.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін каражаттарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционеррлік қогам деп танылады.
Коммерциялық емес акционерлік коғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.
Жоғарыда аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне карай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелср жатқызылуы мүмкін. Олар "Мемлекеттік кәсіпорьш туралы" занды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін гиаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бүл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл эдісті коммерциялық емес үйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығынндар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Ұйымдардың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бүл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы корланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби мамандықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып ұйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.
Ұйьшдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметгер тегін, оларды қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.
Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол — қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет қаражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныс органдары, ғылыми, шығармашылық, мэдениет мекемелерінің бІр бөлігі қаржылаңцырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді түтынушылардың еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен жэне кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын болумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкі салалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъекгілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар жэне т.т.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардьщ мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялык ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның, қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінін және т.т.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы катынастары ақша қорларын қалынтастыру, болуды және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін камтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдар қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын канағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі қызметі дамыту қорлары.
2000-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрылымы
қорытындыға %-бен
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | ||
Түсімдер | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | |
Табыстар | 98,0 | 98,3 | 98,4 | 98,3 | 98,6 | |
Салық түсімдері | 89,3 | 86,7 | 93,2 | 94,3 | 92,2 | |
корпорациялық табыс салығы | 31,2 | 26,6 | 27,8 | 28,8 | 32,3 | |
қосылған құн салығы | 22,0 | 25,2 | 23,4 | 24,4 | 20,5 | |
акциздер | 3,7 | 3,4 | 3,4 | 2,8 | 2,5 | |
жеке табыс салығы | 9,7 | 10,8 | 10,3 | 9,8 | 8,3 | |
әлеуметтік салық | 18,9 | 19,5 | 17,8 | 16,6 | 14,2 | |
мүлік салығы | 2,8 | 3,3 | 3,2 | 2,9 | 2,7 | |
жер салығы | 1,1 | 0,9 | 0,7 | 0,6 | 0,5 | |
сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар | 3,5 | 4,1 | 5,1 | 4,5 | 4,2 | |
өзгеде табыстар | 7,1 | 6,3 | 8,3 | 9,5 | 14,8 | |
Салықтан тыс түсімдер | 6,6 | 9,9 | 5,6 | 4,5 | 6,3 | |
Капиталмен жасалған операция-лардан түскен табыстар | 4,2 | 3,5 | 1,2 | 1,2 | 1,5 | |
Алынған ресми трансферттер | 0,5 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | |
Кредиттерді қайтару | 1,4 | 1,7 | 1,6 | 1,7 | 1,4 | |
Шығыстар | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | |
олардан: | ||||||
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 5,8 | 6,7 | 5,5 | 6,1 | 6,5 | |
қорғаныс | 3,4 | 4,3 | 4,5 | 4,4 | 4,5 | |
қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | 7,9 | 8,5 | 9,3 | 8,6 | 9,2 | |
білім беру | 14,1 | 14,0 | 14,5 | 13,9 | 14,8 | |
денсаулық сақтау | 9,0 | 8,2 | 8,5 | 8,4 | 10,2 | |
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек | 28,4 | 24,6 | 24,1 | 22,4 | 21,1 | |
мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік | 2,9 | 2,4 | 2,7 | 3,2 | 5,4 | |
тұрғын үй–коммуналдық шаруа- шылық | 3,7 | 4,0 | 3,0 | 3,2 | 3,4 | |
отын -энергетикалық кешен | … | 0,7 | 0,9 | 0,8 | 2,0 | |
ауыл, су, орман, балық шаруашы- лығы және қоршаған ортаны қорғау | 1,9 | 3,0 | 3,4 | 4,4 | 5,6 | |
өнеркәсіп және құрылыс | 1,2 | 0,6 | 0,7 | 0,4 | 0,2 | |
көлік және байланыс | 6,3 | 5,8 | 6,9 | 7,7 | 8,1 | |
өзгелер | 5,2 | 7,8 | 5,8 | 8,1 | 5,6 | |
ресми трансферттер | 1,5 | 1,2 | 2,7 | |||
борышты өтеуге қызмет көрсету | 5,9 | 5,0 | 4,7 | 3,3 | 0,7 | |
кредиттеу | 4,3 | 4,4 | 4,0 | 3,9 | 2,7 |
2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттіц қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бүған мемлекеттік басқару, құкықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөліғі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ак мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ацша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызымет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымньщ оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мүндай эдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтын қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, кұрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар , мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бүл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді, Қоғамдык бірлестіктерді ұйымдастырудың серіктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жүмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кэсіпорындары мен үйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатыи аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, үйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мэдени жэне шығармашылық үйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаңдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретіндс белгілі бір үйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік каржъиіандыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша колдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау эдісі қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағьшдағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет үйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында калыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда — екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы —-мемлекеттік бюджеттен оның кірістсрі мен шығыстарыньщ тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мүндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жүмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның, бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыға немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционалдық қызметін камтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (катыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын эдіске қарай анықталады.
Шаруашылъщ есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-зрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді . Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатьш шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатьшға ұқсас болып келеді, бірақ қүрылымында материалдык шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбек ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеумепік салықты қоса) жұмса-латын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара каржыландырылған жағдайда оның көлмі қаржы жоспарының үшінші бөлігінде — "Бюджеттен қаржы бөлу" бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты керсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша бөлу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардыц сметаларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.
Жеке мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржы құжаты ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың сметасы пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың сметасында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше сметасы бойынша жоспарлануы мүмкін.
Экономикалық жіктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санаша, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.
"Ағымдағы шығыстар "санаты мына сыньштарды қамтиды:
- Ішкі сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтер керсетуге жұмсалатын шығыстар:
өзгешелігі бар жалақы: негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдср, өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы корларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;
жұмыс берушілердің жарналары: әлеуметгік салық, автокөлік құралдары иелерінің құкықтық-азаматтық жауаптылығын міндетті сақтандыруға, мемлекеттік мекемелердің, қызметкерлерін мемлекеттік емес міндетті сақтандыруға төленетін жарналар;
тауарлар мен қызметтерді сатып алу (өзгешсліктері:тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек және тану қүралдары, ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдар, жұмсақ жабдық және дүниемүлік, айрықша жабдық пен материалдар, іс сапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар, ғимаратты жалдау);
коммуналдық қызметтерге, көлікке, электр қуатына, жылуға ақы төлеу;
басқа ағымдағы шығыстар (өзгешелігі: жабдық пен кұралсаймандарды, үймереттерді үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау жэне ағымдағы жөндеу, жалпы міндетті орта білім беру қорының шығыстары, несиегерлік берешекті өтеу және баскалары);
басқадай ағымдығы шығыстар.
- Сыйақылар (мүдделер) төлеу, ішкі сыныптардың құрамындағы басқадай ағымдығы шығыстар:
ішкі қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу; сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу.
- Ішкі сыныптардыц құрамындағы субсидиялар және басқа ағымдағы трансферттік төлемдер:
субсидиялар;
жеке тұлғалар беретін ағымдағы трансферттер (міндеггі әлеуметтік қамсыздандыруға беру, зейнетақылар, стапендиялар, басқадай трансфергтер);
басқадай субсидиялар;
өзгешелігі бар трансферттер: мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдарға, үй шаруашылығына беру, зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, сақтандыруға төленетін мемлекеттік жарналар, басқадай трансферттер;
мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін басқадай трансферттер, өзгешілігі: субвенциялар , бюджеттік алынымдар, басқадай ағымдағы трансферттер;
шет жаққа берілетін трансферттер;
әр түрлі басқадай трансферттер. "Күрделі шығыстар " санаты мына сыныпты қамтиды:
ішкі сыныптардың құрамындағы негізгі капиталды сатып алу;
өзгешелігі бар негізгі капиталды сатып алу: активтерді, үймереттер мен ғимараттарды, басқадай активтерді сатып алу;
негізгі капиталды жасау, соның ішінде өзгешеліктері: үй мен ғимараттарды салу, басқадай күрделі активтерді жасау; күрделі жөндеу, соның ішінде үймереттерді, жолдарды жөндеу, басқадай жөңдеу;
босалқы қорлар жасау үшін тауарлар сатып алу; жерді жэне материаддық емес босалқы қорларды сатып алу; ел ішіндегі күрделі трансферттер, соның ішінде (өзгешелігі): мемлекеттік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне беру; басқадай күрделі трансфеттер;
шет жаққа берілетін күрделі трансферттер, соның ішіңде халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтеріне беру, шет жаққа берілетін басқадай күрделі трансферттер.
"Кредит беру, үлескерлікпен қатысу " санаты мына сыныптарды қамтиды:
ішкі сыныптар құрамындағы кредиттср беру және акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу:
ерекшелігі бар ішкі несиелендіру: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін, мемлекеттік кэсіпорындарды, қаржы мекемелерін, жеке тұлғаларды несиелендіру, басқадай ішкі несиелеидіру;
ерекшелігі бар сыртқы несиелендіру: әр түрлі сыртқы несиелендіру;
ерекшеліктері бар шет елдік акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу;
халықаралық ұйымдар мен басқадай шетелдік ұйымдардьщ акцияларын сатып алу;
ерекшеліктері бар заңды тлғаның акционерлік капиталына салынған басқару органдарынын, инвестициялары болып табылатын төлемдері. "Қаржыландыру " сонаты мына ішкі сыныптарды қамтиды: өзгешеліктері бар ішкі борышты өтеу: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне қарыз борышты өтеу, ішкі рынокқа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай ішкі борышты өтеу;
кәсіпорындар мен халықтың арасыңда орналастырылатын ішкі қарыздарды өтеу;
сыртқы борышты өтеу.
Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мсн түрлері үшін өзіндік сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуі оған тән қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, әсіресе үй шаруашынығына берілетін трансферттердің өзіндік салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берілетін жәрдемақылар, тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлеріне, экологиялық апаттардьщ нәтижесінде азап шеккен азаматтарға берілетін эр түрлі өтемақылар жэне т.т. жатады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде сипатты шығыстар дәрі-дәрмек пен таңу құралдарына, тағамға, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады.
Қорғаныс жүйесінде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.
Кәсіподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингіге дайындалу және оларды өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердің қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық көмек көрсету шығыстары басым болады.
Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кітапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуір қаражаттар кітап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жүмсалады.
"Күрделі шығыстар" санаттарына жұмсалатын шығыстар күрделі құрылыс, негізгі өндірістік емес қорларды жасау мен молайтуды жүргізетін, сондай-ақ оларды күрделі жөндеу туралы жұмыс қабілеттігінде ұстауды жүзеге асыратын қызметтің коммерциялық емес түрлерінін барлық ұйымдары мен мекемелері үшін сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ак, материалдық активтерге, жерге қүқықты сатып алуға жұмсалатын шығыстар, каржы мекемелерінің жарғылық қорына төленетін жарналар тіркеледі.
"Кредит беру және үлескерлікпен қатысу" санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруді, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекетгік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, жекеше кәсіпорындарға түрлі несиелер беруді жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшін қарастырылады.
"Қаржыландыру" санаты бойынша шығыстарды ішкі және сыртқы берешектерді өтейтін ұйымдар мен мекемелер, негізінен мемлекеттік және үкіметтік құрылымдар жүзеге асырады.
Өндірістік емес сфера салаларына бағытталған каражаттардың көлемі олардын қызметінің нәтижелеріне қоғамның қажеттіліктерімен, сондай-ақ өндірілген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазіргі кезде ол көбінесе мемлекеттік бюджеттің ахуалына, жүргізіліп отырған қаржы саясатына байланысты болып отыр.
Республикалық және жергілікті бюджеттің табыстары мен шығыстарының құрылымы қорытындыға %-бен Республикалық бюджет
Қорытынды
Қорытындылай келе, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен — мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын, орта жөне үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүкін.
Нарықтык экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық - құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесіиің. жеке азаматгардың, сондай-ақ кэсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бүл -— маңызды алғышарт жәнс қаржышаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің есбебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жузеге асыру косіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық - Алматы 2005
- Омирбаев С.М. Финансы Астана 2003 ж.
- Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы:
- Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.:
- Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т.-Алматы: Экономика, 2006.
- Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2004.
- Қүлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оку құралы. Алматы: Мерей,
- Финансы, Деньги, кредит. Учебник. Под.ред. О.В. Соколовой. - М.: ЮРИСТ
- «Экономикалық теория негіздері», оқулық.-Алматы, «Санат», 1998
- Назарбаев Н.Э. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030ж.дейінгі) даму стратегиясы».-Алматы
- С.М. Орақбаев , Ғ.Л. Тойғанбаев , Ғ.К. Құнтақбаев «Кәсіпорынды басқару» Алматы: Экономика 2005