Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кредитті кешіктіріп төлеген жағдайда "қара тізімге" енгізе ме?

Кредитті кешіктіріп төлеген жағдайда "қара тізімге" енгізе ме?

Белгілі бір банкте (белгілі бір себептермен банк атауы көрсетілмеді) кредитим бар. Оны 10-15 күн, кейде 1 ай кешіктіріп төлеп жатырмын. Негізінен айына 17000 теңге төлеуім керек. Алайда төлей алмаған соң 3000 теңгеге төмендетіп, жеңілдетіп берді. Соған қарамастан кешіктіріп төлеп жатырмын. Осындай жағдайда мені "қара тізімге" енгізе ме? Қанша айда кіргізуі мүмкін? Сондай-ақ, белгілі бір банктен төлем картасын аштырған жағдайда оны бұғаттап тастайды ма және оған түскен ақшаны алып қоюы мүмкін бе?

Жүнісбаев Мұқағали Кеңесұлы, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Қайырлы күн! 10-15 күн кешігіп төлеген соң және қайта құрылымдалған (рефинансирование немесе сіз жазғандай жеңілдетіп берсе) несие тарихыңыз сөзсіз бүлінеді. Яғни өзіңіз жазғандай қара тізімдесіз. Бірақ сіз кешігіп болса да төлеп жатырсыз, яғни банк мәжбүрлеп өндіріп алып отырған жоқ. Егер сіз төлемей қойсаңыз банк сот арқылы немесе шарт аясында біржақты негізде мәжбүрлеп алу шарасын енгізуі мүмкін. Олардың ішінде сіз жазғандай төлем картасынан алу сияқты шаралар болуы мүмкін. Сіздің жағдайда ондай мәселе жоқ. Банктерден карта ашсаңыз тосқауыл болмайды. Бірақ болашақта төлем жасамасаңыз картаңыз бұғатталуы мүмкін. Сондай-ақ, кешіктірген төлем туралы барлық мәлімет несие тарихыңызда сақталады. Ал сол несие тарихы бүлінген жағдайда не болады, ол үшін не істеу керектігі туралы ақпаратты біздің мына материалымыздан оқи аласыз. 


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 775 476 6145 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы