3-4 айдан бері жұмыссызбын. Сондықтан белгілі бір банктегі (белгілі бір себептермен банк атауы көрсетілмеді) кредитті уақытша тоқтатуға бола ма?
Бекмұратов Пердебай, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Қайырлы күн, Пердебай! Барлық банктерде кредит алушы жұмыссыз қалған жағдайда қайтаратын несиесін уақытша тоқтату немесе мөлшерін төмендетіп қайта құрылымдау қарастырылған. Егер клиент жұмыссыз қалса банкке жұмыссыз екендігін дәлелдейтін құжаттармен барып, несиесін уақытша тоқтау немесе қайта құрылымдау бойынша өтініш жазғаны жөн. Жұмыссыздықты дәлелдейтін құжат Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе бұрын жұмыс істеген жерден алынады. Егер сіз жұмыссыз екеніңізді дәлелдеген жағдайда банктер өтініштеріңізді қарастырып, кредитті уақытша тоқтатуы мүмкін.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 775 476 6145 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.