Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 340 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 340 теңге

2016 жылдың 28 наурызында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 340,01 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 339,82 теңгені құрады. Максималды курс — 340,60 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 340,05 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 124 млн 250 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 220. 28 наурыздағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 доллардың орташа ресми бағамы 343,83 теңге болды. Осылайша 29 наурыздағы ресми бағам — 340,15 теңгені құрайды. Ақша айырбастау орындарында доллардың 28 наурыздағы максималды курсы 340,8 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы