Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда 1 доллар 342,42 теңгені құрады

Күндізгі сессияда 1 доллар 342,42 теңгені құрады

2016 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 342,42 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 341,70 теңгені құрады. Максималды курс — 343,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 341,75 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 66 млн 50 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 145.

1 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 доллардың орташа ресми бағамы 343,62 теңге болды. Осылайша 2 сәуірдегі ресми бағам — 342,49 теңгені құрайды.

Ақша айырбастау орындарында доллардың 1 сәуірдегі максималды курсы 343,5 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы