Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әл-Фарабиде енді жылдамдық 60 км/сағат. Бұның қандай артықшылықтары бар?

Әл-Фарабиде енді жылдамдық 60 км/сағат. Бұның қандай артықшылықтары бар?
2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап Әл-Фараби, Саин және Шығыс айналма жолдарында жаңа жылдамдық режимі енгізілді. Яғни,  аталған көшелерде жол-көлік апатын азайту мақсатында орташа жылдамдық 80-нен 60 км/сағ-қа дейін төмендеді. Жаңа тәртіптің сақталуын автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығын есептей алатын камералар бақыламақ. Елімізде әлеуметтік желілерде бұл өзгеріс қатты сынға ұшырады. Халық арасында "енді жаппай кешігулер басталады", "автомобиль түтіні қала экологиясына залал келтіреді" деген болжамдар айтылуда. Осы тұрғыда бұл өзгерістің негізгі артықшылықтарын атап өткіміз келеді.

Жылдамдық шегін төмендетудің қандай артықшылықтары бар?

1. Жол-көлік оқиғасын азайту

Қаладағы ең қауіпті көше қиылыстары ретінде Саин көшесі мен әл-Фараби даңғылы саналады. Мәселен, 2018 жылдың бірінші жартысында осы көшелердің әрқайсысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ресми деректерге сәйкес, жыл соңына қарай Саин көшесі мен әл-Фараби даңғылындағы апаттардан 8 адам көз жұмды. Көптеген зерттеулерді қарасақ, қозғалыс жылдамдығы қауіпті оқиғаның орын алуына ықпалын тигізеді. Бұл жылдамдық режимі қала кеңістігінде жаяу адамдарға басымдық берген көптеген елде қолданылып жүр. Мәселен, қала ішіндегі 40-50 км/сағ жылдамдықпен жүру практикасы Сидней, Мадрид, Париж, Сеул, Эдмонтон, Калгари, Брисбен, Таллин және Мәскеу секілді ірі қалаларда қолданыла бастады.

Мұндай өзгеріс кезінде түрлі наразылықтың болуы заңды. Мысалы, лондондықтар жылдамдықты 30 км/сағ жылдамдыққа дейін шектеуге өз наразылықтарын білдірді. Ал Канаданың Калгари қаласының тұрғындары бұл жаңалықты қаланың Олимпиада ойындарына берген өтінішінің сәтсіздігімен байланыстырды. Яғни, олар осы мәселеге шенеуніктер еш назар аудармайды. Ал жол-көлік апатын тоқтату үшін көлік жүргізуді мүлде қою керек деген пікір айтты. Әлемдік тәжірибеден байқағанымыздай, Нью-Йорк, Лондон және басқа қалалардағы жылдамдықты шектеу осы қалалардағы пойыздар мен автокөліктер үшін қауіпсіздікті сақтау және адамдардың өмірін сақтау үшін қажет болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті осы өзгеріске сай арнайы статистика келтірді. [su_quote]"Жыл басынан бері Алматыда 4 203 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Күн сайын жылдамдық режимі 60-тан 80 км/сағ-қа дейін рұқсат етілген аудандарда 12 апат орын алған. Алматыда 2018 жылы қаңтарда орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 121 адам қайтыс болды. Яғни, әр үш күнде Алматы қаласының жолдарында 1 адам қайтыс болды. Мұндай статистика жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осындай шешуші шараларды не үшін қабылдағанымыз үшін айтылып отыр. Әлемдік тәжірибеде көптеген зерттеулер жылдамдықты төмендету жол-көлік оқиғасын азайтатын ең тиімді және қарапайым тәсілдердің бірі екенін растайды" , - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Салтанат Әзірбек.[/su_quote] Қанша қарсы айтылған сын-пікірге қарамастан, бұл шара жоғарыда айтылған елдерде жол-көлік апаты оқиғаларының санын азайтты. Бұдан басқа, қозғалыс жылдамдығының артуы апат қатерін де күшейтеді. Мәселен, Аделаидадағы жол-көлік апатына қатысты зерттеуді қарасақ, 80 км/сағ жылдамдықтағы жүріс апаттар қаупіне  60 км/сағ жылдамдықпен қозғалыспен салыстырғанда 17 есе артық әсер етеді.

2. Шу мен қатты дыбыс деңгейін бәсеңдету

Әл-Фараби даңғылы - Саин көшесін тек қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, жайлылық тұрғысынан да түзету қажет. Барлық жүрдек жолдар ең күшті шудың негізгі көзі саналады. Әл-Фараби даңғылында тұрып, диалог жүргізу үшін сұхбаттасушыға сөзбе-сөз айқайлау керек. Өйткені, шу өте қатты естіледі. Жүйткіген автомобиль шуылы жол бойында орналасқан тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттарындағы адамдар үшін де біраз қолайсыздық тудырады. Шудың зиянын зерттейтін британдық қауымдастықтың зерттеулеріне сәйкес, 80 км/сағ жылдамдықпен автомобиль 78 децибел шу шығарады. Ал 60 км/сағ жылдамдықпен 75 децибел. 3 децибелдегі айырмашылық шамалы, бірақ бұл өлшем бірлігі логарифмдік болып есептеледі. Мысалы, 1 децибел шу деңгейінің 30%-ға артуын білдіреді, ал 3 децибел айырмашылықты шамамен екі есе арттырады.

3. Экология 

Экологиямыз мен улы газ мәселесі туралы айту қиын. Британдық кадастрдың деректері бойынша, 80 км/сағ және 60 км/сағ жылдамдықпен Еуро-3 және Еуро-4 стандартты автомобильдерінен бөлінетін PM бөлшектерінің көлемі еш өзгермейді және километрге 0,00128 граммды құрайды. Еуро-5 стандарты үшін сандар жылдамдыққа байланысты болмайды, километрге 0,00118 граммды құрайды. Қалдықтардың шығу көлемі күрт тежелу кезінде көп өзгереді. Яғни, бұл жағдайда көлікті тежеуден гөрі жүргізіп отыру маңызды. Бұл ретте, автомобиль қозғалысының жылдамдығы неғұрлым көп болған сайын, жиі тежелуді тудырады. Ал бұл өз кезегінде экологияға кері әсерін тигізеді.

Уақыт айырмашылығы қандай?

Әл-Фараби даңғылындағы Науаи көшесінен Достық даңғылына дейінгі ұзындық 7,5 шақырымды құрайды. Жолды 80 км/сағ жылдамдықпен біркелкі қозғалғанда 5 минут 37 секундқа жетеді. Жаңа жылдамдық режимі бойынша жүру үшін 7 минут 30 секунд қажет. Уақыт айырмашылығы - 1 минут 53 секунд ғана. Бұл бағыттағы жолдың керісінше бағытын анықтасақ, жаңа және ескі жылдамдық режимі үшін тиісінше 6 минут 36 секунд және 4 минут 57 секунд құрайды. Айырмашылық - 1 минут 39 секунд.
Кіші айналма жолы (Малое кольцо) бойынша ең танымал маршруттардың арасында ең ұзыны — Саин мен Рысқұлов қиылысы. Ұзындығы — 16.7 шақырым. 80 км/сағ жылдамдықпен бұл ұзындықты 12 минут 31 секундта, 16 минут 42 секундта 60 км/сағ жылдамдық лимитімен өтуге мүмкіндік береді. Уақыттағы айырмашылық - 4 минут 11 секунд. Яғни, біркелкі қозғалыс жағдайында, машина басынан бастап жолдың соңына дейін тұрақты жылдамдықпен қозғалатын кезде, рұқсат етілген максимум уақыт шығындарының айырмашылығы кемінде 2, ең көп дегенде 5 минут болады. Адамдар үшін физиологиялық жағынан айырмашылық болады. Бірақ бұл көрсеткіштерге жолда кедергі болмаған кезде жете аламыз. Себебі, айналадағы көліктер жолдағы кедергіге әсер етеді. Қандай жылдамдықты шектесе де, таңертең және кешкі кептеліс уақытында бұл жолдардағы жылдамдық Yandex.Traffic бойынша сағатына 20-10 немесе тіпті 5 шақырымға дейін төмендейді. Бұл жүргізушілер үшін шындық.

Жылдам трасса қала ішінде болу керек пе?

Кіші айналма жолындағы жылдамдық шегі - 80 км/сағ, тіпті одан да жоғары. Бірақ америкалық қоғамдық көлік және көлік қызметкерлерінің қауымдастығы шығарған «Жасыл кітабында» америкалық стандарттар мен ұсыныстарды қарастырсақ, көптеген келіспеушіліктер бар. Ең алдымен, тығыз салынған көшелерде қалалық автобустарға басқа жол бөлінуі керек. Яғни толығымен эстакадамен немесе терең траншеямен өту керек. Бұған қоса, автожолдар үшін 50 метрлік еркін аймақ салынуы қажет. "Жасыл кітапта" экспресс-маршруттар фривеймен ғана жүре алатыны туралы жазылған. Олардың аялдамалары бір-бірінен кемінде 3,5 шақырым қашықтықта орналасуы керек және аялдамалар автожолдан бөлек орналасу керек. Кіші айналма жолды фривейге айналдыру үшін біз 80 км/сағ жылдамдыққа шектеу қою керекпіз. Ал жылдамдық одан да жоғары болса, онда қайтадан күрделі жаңарту қажет. Яғни: 1. Эстакада немесе траншея салу (әйтпесе, жолдан 50 метр қашықтықтағы барлық ғимараттарды бұзу). 2. Кіші айналма жолының бойына жол-дублер төсеу (сондай-ақ, бұл жолмен іргелес құрылысты бұзуды және ағаштарды кесуді талап етеді). 3. Тас жолдың тиісті стандарттарына сәйкес нүктелерді құру (құрылыстарды бұзу және көгалдандыруды жою). Олар кеңістікті талап етеді. 4. Қолданыстағы экспресс-маршруттарды бөлек қоғамдық көлік бағыттарын өзгерту. Аялдамалардың бір-бірінен 3.5 километр қашықтықта орналасуы, сондай-ақ оларды толық қайта салу (толық оқшауланған аялдамаларды салу ғимараттарды бұзуды және ағаштарды кесуді талап етеді). 

Дереккөз: vlast.kz, Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Похожие материалы