Алматы. 14 ақпан. 7kun kz — Халықаралық Робототехника Федерациясы (IFR) өнеркәсіптегі роботтардың статистикасын жариялады. Бұл саладағы көшбасшы ел – Оңтүстік Корея, ал ең қарқынды дамып жатқан ел - Қытай болды, деп жазады hightech.fm.
Әлемде орта есеппен өнеркәсіптік сектордағы 10 000 қызметкерге 74 роботтан келеді (2015 жылы - 66 робот болған).
Ал, материктер арасында Еуропа (10 000 жұмысшыға 99 робот) көш бастап тұр. Одан кейін Солтүстік пен Оңтүстік Америка (84) және Азия (63).
"Қызметкерлер санына байланысты роботтардың санының қатынасы - бұл салыстыру үшін тамаша параметр. Бұл әртүрлі елдердегі өнеркәсіптің автоматтандырылу деңгейін өлшеуге мүмкіндік береді" - дейді IFR президенті Юнджи Тсуда.
Өнеркәсіптің жедел роботталуы нәтижесінде, мысалға Азияда экономикалық өсудің қарқыны айтарлықтай байқалады. 2010 - 2016 жылдар аралығында роботтардың салыстырмалы үлесінің орташа жылдық өсу қарқыны Азияда – 9 пайыз, Америкада – 7 пайыз, ал Еуропада – 5 пайызды құрады.
Автоматтандыру деңгейі ең қарқынды дамып келе жатқан ел - Қытай. 2013 жылы өнеркәсіпте жұмыс істейтін 10 мың қызметкерге 25 роботтан келсе, 2016 жылы 68-ге дейін жеткен. Қазіргі уақытта ҚХР роботтандыру бойынша әлемдік рейтингте 23-орында.
Ал, бірінші орында - Оңтүстік Корея, 10 000 қызметкерге шаққандағы тығыздығы 631 роботтан келеді. Роботтандыру саласы Оңтүстік Кореяда 2010 жылдан бастап электроника мен автокөлік өнеркәсібінде орын алған.
Екінші орында Сингапур - 488 робот, үшінші орында Жапония (303 робот). Ал Шығыс Еуропада алдыңғы қатарда Словения (137 робот), Словакия (135 робот) және Чехия (101 робот).
Ең автоматтандырылған TOP 10 елдер:
1)Оңтүстік Корея
2)Сингапур
3)Германия
4) Жапония
5)Швеция
6)Дания
7)АҚШ
8)Италия
9)Бельгия
10)Тайван
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!