Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең ғажап 15 әуежай

Әлемдегі ең ғажап 15 әуежай

Жиі ұшатындар жақсы біледі, әуежайда рейс күту «азапты» іс. Әсіресе, бір қала арқылы басқа қалаға ұшсаңыз, сағаттап, кейде тіпті тәулікке жуық уақытыңызды жоғалтасыз. Бірақ бұл бүгінгі біз назарларыңызға ұсынғалы отырған әуежайларға қатысты емес. Бұл жерде музей мен ІMAX кинозалынан бастап, гольф алаңы мен бассейнге дейін бар. Уақытыңыздың қалай өткенін білмей қалуға болады. Олай болса, назарларыңызға сіз рейс күтуге қуана келісер 15 әуежайды ұсынамыз.

Сингапурдағы Чанги әуежайында екі қабатты көбелектер бау-бақшасы бар. Оған қоса, 8 метрлік сарқырама, кактус бақшасы, орхидея және күнбағыс егілген. Аталмыш әуежайдан бассейн, қонақ үй және әлемдегі ең ірі(биіктігі 4 этаж) сырғанақты да кездестіруге болады. Ғимарат ішінде Fish Spa, яғни стоун-массаж, балық педикюрлары бар.

1

Схипхол әуежайынан Рейксмюзеум мұражайының бөлімшесін кездестіріп, ондағы голландия музыкасымен, әдебиетімен және сурет өнерімен жете таныс боласыз. Сондай-ақ, әуежай ғимаратында 5 минуттық спецэффектілермен жабдықталған 6D – кинотеатры бар. Адам баласынның бойынан ұшар алдындағы ішкі қауіптен құтқаратын лаванда және эквалиппен ароматталған қышқыл газды сусындар бары – back to life бары жұмыс істейді.

2

Лас-Вегас қаласындағы Маккаран әуежайының бірінші және екінші терминалдарында жалпы саны 1,3 мың автомат орналасқан. Говард Кэннон авияция мұражайында (терминал 1) Оңтүстік Невада тарихынан сыр шертетін 30 стэнд бар.

3

Дубайдың халықаралық әуежайынан әлемдегі ең ірі Duty Free дүкенін кездестіре аласыз. Оның ауданы 5 мың шаршы шақырым. Сіз сондай-ақ, бассейн, душ кабиналары, массаж бөлмелері бар G-Force Gym-ға бара аласыз.

4

Сан-Франсисконың халықаралық әуежайынан әуежайдың сирек кездесер қазыналары мен авияцияның кітапханасын көруге болады. Одан бөлек, аквариюм толы балықтар әлемін тамашалайсыз. Және бұл халық аралық әуежайда әлемдегі бірінші йога залы мен Fresh Up! Store бар.Ол жерде $15-ға душ қабылдай аласыз.

5

Токиодағы Ханэда әуежайынан жолаушылар Starry Caféпланетариі көмегімен млиллиондаған жұлдыздарды тамашалай алады. Немесе, Edo Marketplace залынан ұлттық суши, рамен, куси-агэ, тонкацу және сукуяки жеуіне мүмкіндіктері бар.

6

Мюнхэн әуежайында Airbräu сыраханасы орналасқан. Сіз ол жерден мақтаулы неміс сырасын қанып ішіп, "сыра бағында" жанды музыкаға масаттана аласыз. Ал серфингті жақсы көретіндер Surf&Style атракционында өз бағын сынап көруіне болады. Мюнхэн әуежайындағы әлемдегі ең үлкен жасанды толқын маусым мен тамыз айлары аралығында жұмыс істейді.

7

Техас штатаның Остин қалашығында орналасқан халықаралық Остин-Брегстром әуежайында әр апта сайын жанды дауыстағы концерттер өткізіледі. Жолыңыз түсіп бара қалсаңыз, джаздан свингқа дейінгі кез келген әуенді ести аласыз.

8

Афин әуежайында византия  кезеңінен бері сақталып келе жатқан археологиялық заттар жинақталған мұражай бар.

9

Сеульдің Инчхон әуежайында екі кинотеатр, мұз айдыны, гольф алаңы және жеті бақша бар. Сондай-ақ, әуежайдан әсем әуен мен керемет би қойылымдарын тамашалай аласыз.

10

Ванкувердегі халықаралық әуежайда Билл Рид секілді канадалық аса талантты суретшілердің туындылары қойылған. Сондай-ақ, әуежайда көлемі 75 м3 болатын Ванкувер аквариумы бар. Бұл аквариумда 5 мыңнан астам теңіз жәндіктері өмір сүреді.

11

Тайбейдегі халықаралық Таоюань әуежайында ағылшын және қытай тіліне негізделген электронды кітапхана бар. Сіз ол жерден Ipad және өзгеде оқу құралдарын жалға алып, 400-ден астам шығармамен немесе газет-журналдармен таныса аласыз.

12

Сіз Лондондағы Хитроу әуежайынан тегін кеңесшіден бастап, ауданы мың шаршы метрден асатын Harrods дүкені мен заманауи британ суретшілерінің туындыларына дейін кездестіре аласыз. Ал егер қарныңыз ашса, Гардон Рамзидің Plane Food ресторанынан тамақтана аласыз.

13

Гонконгтағы халықаралық әуежайда сіз тоғыз лункадан тұратын гольф алаңында немесе елдегі ең үлкен IMAX кинотеатрында рейске дейінгі уақытыңызды қызықты өткізе аласыз. Оған қоса, баларыңызбен бірге білім беретін Dream Come True паркіне және SonyPlaystation зоналарына барып виртуалды әлемге бойлауға болады.

14

Швейцарияның Цюрих қаласында орналасқан әуежайда сіздің әуежай айналасымен танысып шығуыңыз үшін велосипед, ролик және таяныш таяқтар жалға беріледі. Осылайша, рейске дейінгі уақытыңызды ел, жер танумен өткізуіңізге болады.

15

Похожие материалы