Әлем елдерінің әскери балансы IISS (international institute for strategic studies) зерттеу ұйымы әлем елдерінің 2016 жылға арналған әскери балансын жариялады. IISS 171 мемлекеттің әскери статистикасын жинақтапты. Кей мәліметтерді кесте мен инфографика түрінде назарға ұсынамыз.
IISS мәліметтеріне сенсек, 2015 жылы әлемдегі әскери шығындар 1563,3 млрд $ құраған. Мұның ішінде Қазақстанның 1,9 млрд $ үлесі бар. Азия елдері әскери бюджетті арттырса да, әскери шығындардың басым бөлігі АҚШ пен Канадаға тиесілі екен. Бюджеті бай елдер рейтингін әдеттегідей АҚШ (595,3 млрд) бастаса, үздік он бес ел тізімін Түркия (15,9 млрд) қорытындылапты. Бюджеті бай елдер рейтингін әдеттегідей АҚШ (595,3 млрд) бастаса, үздік он бес ел тізімін Түркия (15,9 млрд) қорытындылапты.
2015 жылы 26 НАТО мүшесінің ішінде тек 4 еуропалық мемлекет (Грекия, Польша, Ұлыбритания және Эстония) мақсатты блоктың қорғанысына ЖІӨ-нің 2%-ын шығындаған, ал өзге 22 ел үшін бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрайды. ЖІӨ-ге қатысты әскери шығындар көрсеткіші африкалық елдерге қарағанда рекордты түрде төмен, бірақ Ресеймен салыстырғанда (4,18%) 4 есе және Америкамен салыстырғанда (3,33%) 3 есе аз. Ал жан басына шаққандағы әскери шығындар бойынша НАТО елдері көш бастайды.
2% ЖІӨ деген деңгейге жету үшін альянс мүшелері қорғаныс қаржысын 100 млрд долларға (45%) көбейтуі қажет болады. Дегенмен Еуропада әскери шығындарын үнемі ұлғайтып отыратын мемлекеттер қатарында Польшаны, әлемдік лидерлер арасында Украина, Иран және Ресейді атап өтуге болады.
Батыс әлемі мен АҚШ қорғаныс ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрастыру зерттеулеріндегі көрсеткіш бойынша көшбасшылық позицияларын сақтап қалады. Америка әскери зерттеулерге жалпы әлемде бөлінетін қаржының жартысына жуығын жұмсайды. Осыдан бөлек, Вашингтон - ең ірі қару-жарақ экспортері, екінші орында Ресей.