
Саяхат кезіндегі ең көп шығынды қажет ететін қажеттіліктің бірі - баспана. Дегенмен қалтаңыз қаншалық жұқа болғанына қарамастан өте ыңғайлы бөлмелер табуға болады. Назарларыңызға әлемнің 10 мегаполисіндегі бар болғаны 10 долларға түнеп шығуға орындар тізімін болатын ұсынамыз. Ақпараттар Airbnb туристік сервисінен алынды.
Түркияда
[caption id="attachment_56230" align="alignnone" width="940"]
Стамбул қаласында 10 долларға мынадай пәтер табуға болады. Бюджетті баспананы қаланың еуропалық бөлігіндегі Галат мұнарасының маңынан немесе мына сілтеме арқылы іздеу керек.
Ресейде


Елдегі ең романтикалық қала Санкт-Петербургтан осындай сипаттағы пәтер алуға болады. Екі адамға арналған апартамент Мәскеу вокзалынан 5 минуттық жерде орналасқан. Көне жиһаз, екі адамдық керует, қауашақтағы гүлдер - 10 доллларға лайығы да осы.
Сингапурда
[caption id="attachment_56233" align="alignnone" width="940"]
Бұл жерде 10 долларға қала орталығындағы ғимараттардың 48-қабатынан пәтер алуға болады. Бірақ жалғыз тұрмайсыз, бөлме бірнеше адамға арналған.
Таиландта
[caption id="attachment_56234" align="alignnone" width="940"]
Бангкокта 10 долларға жоғарыдағы сипаттағыдай бөлме жалдауға болады. Балконнан қаланы көрікті бөлігін тамашалай аласыз. Үйдің ауласында бассейн және тренажерлік құралдар бар.
Францияда
[caption id="attachment_56235" align="alignnone" width="940"]
Туристер үшін ең сүйікті қалалардың бірі Парижден де 10 долларға баспана таба аласыз. Тіпті Эйфель мұнарасының маңынан. Бірақ картон қағаздан жасалған үйде тұруға тура келеді. Шағын бөлмеде кішкене керует бар, қаласаңыз достарыңызбен бірге қонуға болады.
Жапонияда
[caption id="attachment_56237" align="alignnone" width="940"]

Токио арзан қалалардың қатарына жатпайды, бірақ бұл жерден де бюджетті саяхатшы үшін орын табылады. Пәтер метродан 2 минуттық жерде орналасқан. Бір адамға немесе алты адамға дейін тұруыңызға болады, баға өзгеріссіз қалады.
Ұлыбританияда
[caption id="attachment_56239" align="alignnone" width="940"]

10 долларға баспана табылмайтын да қалалар да бар. Британия астанасы дәл соның бірі. Мына пәтер үшін иесі 21 доллар сұрайды. Қала орталығынан электричкамен 30 минуттық жерде орналасқан.