Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең арзан көлік Ресейде сатыла бастайды

Әлемдегі ең арзан көлік Ресейде сатыла бастайды

Әлемдегі ең арзан көлік деп танылған үндістандық Bajaj бренді өз көліктерін Ресейде сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды.

Автокөліктен гөрі квадроциклға ұқсас Qute моделінің алғашқы даналары Ресейде 2016 жылдың басында пайда болады. Алайда тек сынап көру үшін ұсынылады. Сатылым 2016 жылдың көктемінде басталады. Ал шағын көліктің Қазақстанға қашан келетіні әзірге белгісіз. Марканың Ресейдегі ресми дистрибьюторлары жаңа көліктің бағасы 250 000 рубль немесе доллардың қазіргі курсына сәйкес 4 000 доллар болады деп уәде берді. Алайда 13-қуатты моторымен жабдықталған жаңа көліктің бағасы басқа нарықта 2 000 доллар болып отыр. Ресейде бұдан артық арзан көлік табылмайды. Ең арзан  Daewoo Matiz көлігінің өзі 299 000 рубльге бағаланған. Айта кетейік, Bajaj толыққанды автокөлік болып жабдықталмаған. Ол квадроцикл ретінде сертификатталған. Сондықтан бұл көлікті жүргізу үшін жаңа В1 категориясын алуға тура келеді.  

Похожие материалы