Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – The Boston Consulting Group (BCG) ғылыми-зерттеу тобы 2017 жылдың соңында ең инновациялық компанияны анықтау үшін, инновациялық түрлі ұйымдардың директорларына сауалнама жүргізді. Сарапшылар алдыңғы қатарға Apple, Google және Microsoft компанияларын атады. Бұл туралы «Коммерсант» ақпараттық агенттігі сауалнамаға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Сауалнаманың қорытындысы бойынша, 2005 жылдан бері көшбасшы болып келе жатқан, Apple ең инновациялық компания аталды. Ал Google 2006 жылдан бері екінші орынға ие болып келеді. Ал үштікке биыл Microsoft компаниясы кірді. 2017 жылы үздік үштікте болған, Илон Масктың Tesla компаниясы биыл 6 - орынға сырғыды.
BCG зерттеу тобы ТOP-50 инновациялық компанияның ішінде, тек 11 компанияның негізі жақын арада яғни цифрлық ғасырда қаланғанын атап өтті. 2017 жылдың алғашқы ондығына осындай екі компания кірді. Олар: Қытайдың интернет-холдингі Alibaba және Uber автокөліктерге тапсырыс беру қызметі. Директорлар сауалнама барысында 2017 жылы компаниялардың инновацияны құрайтын төрт негізіне баса назар аударған: ірі деректерді талдауға, жаңа технологияларды енгізу жылдамдығына, мобильді өнімдер мен мүмкіндіктерге, сондай-ақ цифрлық бағдарламалауға.
ТOP-10 инновациялық компаниялар:
1)Apple
2)Google
3)Microsoft
4)Amazon
5)Samsung
6)Tesla
7)Facebook
8)IBM
9)Uber
10)Alibaba
Қания Табыс