Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Lexus компаниясы ұшатын скейтбордтың тұсаукесері өтетін уақытты атады

Lexus компаниясы ұшатын скейтбордтың тұсаукесері өтетін уақытты атады

Lexus компаниясы ұшатын скейтбордтың тұсаукесері 5 тамызда өтетіндігін хабарлады. Құрылғының видеосы Lexus-тың YouTube-тағы ресми сайтында жарияланған.

Ұшатын скейтборд "Болашаққа шегініс 2" фильмінде көрсетілген гаджетке ұқсайды. Осыған дейін де ховерборд жасауға тырысқан Hendo компаниясынан ерекшелігі - Lexus өнімі кинодағы нұсқаға көбірек ұқсайды. Осыған дейін де Lexus тақтаның шын мәнінде жер бетінде қалықтап тұратындығын бейнелеген бірнеше роликтер жариялаған еді. Компанияның түсіндіруінше, гаджет магнитті жастықша арқылы жұмыс істейді. Әзірге оны асфальт немесе бетон үстінде пайдалануға болмайды. Жұмысын жетілдіру үшін магнитті қабілетке ие материалдар керек. Скейтбордтың ұшуына лайықталған арнайы скейтпарктың құрылысы Lexus компаниясы арқылы осы жылы басталды. Барселона маңайында орналаспақ.

Похожие материалы