Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Лизингтік операциялардың артықшылықтары

Лизингтік операциялардың артықшылықтары

Лизинг негізінде Қазақстандық бизнестің дамуы шет ел бизнесмендеріне Қазақстан нарығында жұмыс істеуге болатындығын және ол «қауіпсіз» екендігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Мұны инвестициялар, несиелер, инвестициялық белсенділіктің артуы, халықаралық тауарлық нарықтарға шығу арқылы дәлелдеуге болады. Лизингтің артықшылықтары. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

– ұзақ мерзімді қаржыландыру;

– негізгі құралдарға бір мезгілде үлкен қаржы жұмысамау (Сіздің алғашқы шығындарыңыз жобаны экспертизадан өткізуді төлеу, лизинг затына байланысты 0 ден 30 %-ға дейінгі аванстық төлем, лизинг затын сақтандыруға кеткен төлемдер болып табылады);

– кәсіпкерлік тәуекелдің төмендігі;

– бизнес-жоспарды ұсыну қажеттілігінің болмауы;

– белгілі бір құрал-жабдықтарды импорт арқылы алған кезде қосылған құн салығынан босатылады;

– айналымнан құралдардың үлкен көлемі алынбайды;

– халықаралық келісім шартты орындау шарттарымен байланысты тәуекелге лизинг алушы бармайды;

– лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі. Өйткені негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі;

– қаржылық лизинг (3 жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық төленбейді;

– лизинг беруші кеден баждарынан босатылады, ҚР територриясына алып келінетін лизингке беру мақсатындағы құрал-жабдықтар салықтан босатылады;

– лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушыбанкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақайтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);

– лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

– кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;

– құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Сонымен қатар, лизингтік операциялардың кемшіліктері де бар. Олар:

– лизинг тек қана істеп тұрған бизнеске қаржыландыруды көздейді (негізгі құралдарды жаңарту, бизнесің диверсификациясы/ кеңеюі);

– несиелікке қарағанда, лизинг бойынша ставкалар жоғары болады. Әлемдік тәжірибеде лизинг несиеден ешқашан арзан болған жоқ;

– лизингтік келісім шарт аяқталғанға дейінгі меншік құқығы лизинг берушіге бекітіледі; – қаржылық лизинг алғанда ҒТП нәтижесінде моральді тозуы мүмкін, бірақ лизингтік төлемдер келісім шарт мерзімі біткенше төленеді;

2 – лизинг берушіге құрал-жабдықтың моральді тозуы тәуекелі жүктеледі (әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның амортизациялық мерзімінен аз болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған мүлік құны оны сатып алған кездегі құнынан жоғары болады;

– инфляцияның елеулі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға құрал-жабдықты қалдық құн бойынша сатып алу тиімсіз болуы мүмкін;

– лизингтік келісімге қатысушылардың санының көп болуы лизингтік операцияны ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар мен лизингтік келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны;

– егер, лизингке алынған құрал-жабдық жұмыстан шығып қалса да (бұзылу, сыну) лизингтік төлемдер толығымен төленеді;

– жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

– ұйымдастырудың күрделілігі;

– лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің барысында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Похожие материалы