Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк Астанаға көшуі мүмкін

Ұлттық Банк Астанаға көшуі мүмкін

Ұлттық Банк ЭКСПО 2017 өткізілгеннен кейін Астанаға көшуі мүмкін. Бұл туралы кеңейтілген үкімет отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы әзірге Қазақстан статусын қаржылай сферадағы аймақты лидер деңгейіне жеткізудің сәті түспегендігін атап өтті. "Қазір дәл Астанада жаңа қаржы орталығын құруға жағдай жасайтын мүмкіндіктер туып жатыр. Үлкен қызығушылық бар.  Біз ірі ЭКСПО 2017 өткізбекшіміз. Көрме аяқталғаннан кейін қалған орталықтардың барлығы осы жоба үшін дәл келеді. Ол жерде Ұлттық Банк болуы да мүмкін", - деген болжам жасады Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, осыған дейін Алматыға арнайы статус беріп, Орта Азияның қаржы орталығына айналдыру туралы жоспар хабарланған еді.

Похожие материалы