Экономика
Ұлттық банк Астанада валюта айырбастау операцияларын жүргізгенде 7 қателік орын алғандығын анықтады
Айырбастау операцияларының ережелерін қадағалау мониторингі кезінде Ұлттық банктың Астанадағы филиалы 7 заң бұзушылық анықтады. Екі факт бойынша міндеттеме талап етіліп, бір банктың филиалы әкімшілік қателік туралы хаттама алды деп мәлімдеді Ұлттық банктың Астанадағы бөлімінің директоры Ғазиз Шегенов.
"Егер Астананы жеке қарастырар болсақ, мониторинг кезінде айырбастау операцияларында 7 қателік болғандығын анықтадық. Олардың үшеуі бойынша хат түрінде ескерту айтылды, екеуі бойынша міндеттеме талап етіліп, бір банкке қатысты әкмшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Аталған ұйым доллар курсының нормасы 2 теңге деп бекітілгенде 2,51 теңге деген курсты, еуро бағамы 3 теңге деп бекітілгенде 3,81 деген курсты пайдаланған", - деді Ғ.Шегенов.
Сондай-ақ ол аталған шарадан бөлек Ұлттық банк жоғарыдағы ұйымдарға айырбастау операцияларын өткізуге лицензияларын алып қою тәрізді санкция қолдануға құқығы бар екендігін де атап өтті. Алайда мұндай шаралар қолданылған жоқ.