Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан билігі Қазкоммерцбанкке сауықтыру үшін $4,5 млрд беруі мүмкін -Bloomberg

Қазақстан билігі Қазкоммерцбанкке сауықтыру үшін $4,5 млрд беруі мүмкін -Bloomberg

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz - Мемлекет Қазкоммерцбанкке 1,5 трлн теңге ($4,5 млрд) қарыз беруі мүмкін. Бұл туралы дерекөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Bloomberg-тің  хабарлауынша Қазкоммерцбанк қазірдің өзінде мемлекеттен қарыз ала бастаған. Мысалы: 15 желтоқсаннан бастап мемлекеттен 400 млрд теңге қарыз алған. "Мемлекеттік органдарға Қазкоммерцбанктің құлдырауына жол бермеу тапсырылған. Сондықтан банкті құтқарудың түрлі жолдары қарастырылуда" деп жазады басылым. Бұл мәселеге қатысты Қазкоммерцбанк пен Ұлттық банк өкілдері ақпарат беруден бас тартқан. Басылымның жазуынша Қазкоммерцбанкті құтқарудың тағы бір жолы  - Халық банкімен бірігу. Бұл ретте Халық банкі егер мемлекет Қазком балансындағы минус болып тұрған  1,5 трлн теңгені беруге келіссе, онда банкті қосып алу бағытында келіссөз жүргізуі мүмкін, дейді Bloomberg. Еске салайық, қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg-ке берген сұхбатында мемлекет Қазкоммерцбанктің құлдырауына жол бермейтінін айтқан болатын. Ол кезде құтқарудың  2 нұсқасы айтылған еді. Бірі банк акционерлері активтерін ұлғайтуға қаражат табады, екіншісі мемлекеттен көмек сұрайды. Қазкоммерцбанк 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының нәтижесі бойынша 34 банк ішінде активтері бойынша 1-ші орынға ие болды.

Похожие материалы