Экономика
Ұлттық банк бес күнде $740 млн жұмсады
Ұлттық банктің теңге курсын тұрақтандыру үшін бес күндік интервенцияға жұмсаған қаражаты 740,65 млн долларды құрады. Өткен аптада $700 млн жұмсалған еді.
Еске сала кетейік, интервенция 16 қыркүйек күні басталған еді. Доллар курсы 300 теңгеге шарықтап кеткен соң, Ұлттық банк интервенция жүргізуге шешім қабылдаған болатын. Ол күні $144 млн, 17 қыркүйекте $270,4 млн, 18қыркүйекте $67,2 млн және 21 қыркүйекте $213,1 млн салынған. 25 қыркүйек күні 45,95 млн-ды қосқанда барлығы 740 млн доллар теңге бағамын тұрақтандыру үшін жұмсалған.