Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк доллар бағамына түсініктеме береді

Ұлттық банк доллар бағамына түсініктеме береді

Доллар курсына қатысты Ұлттық банк алдағы уақытта түсініктеме береді.  Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов Парламент Сенатының отырысында мәлімдеді.

Қ.Қожахметов қазіргі бағам жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты. "Ұлттық банк жақын арада толық ақпарат жариялауды жоспарлап отыр",- деп жауап берді Қ. Қожахметов теңгенің қазіргі курсы жайлы қойылған сұраққа.  Қожахметовтің сөзінше, ол осы апта бойы Сенатта болады, ал жаңа қаржы реттеушісі қазір Алматыда. Ұлттық банктің жаңа төрағасы қазіргі доллар бағамы туралы не ойлайды деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Осыған дейін Қайрат Келімбетов доллар курсының 287-288 теңге болуы тепе-теңдік болып табылады деген еді. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банкке жаңа төраға Данияр Ақышев келгеннен кейін 5 қараша күні қазақстандық ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 300 теңгеге жетті. Фото: tv7.kz сайтынан алынды

Похожие материалы