Экономика
Ұлттық банк коммерциялық банктердің қорларына қойылатын минимал талаптарды белгіледі
Қазақстанның ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің қорларына қойылатын минимал талаптарды белгіледі. Ұлттық банктің сәйкес қаулысы банк сайтында жарияланып, өз күшіне 2015 жылдың 12 мамырында енді.
Қор міндеттемелерінің әрбір түрі бойынша 2015 жылдың 12 мамырынан бастап минимал қор талаптарының жеке нормативтері белгіленді: ішкі қысқа мерзімді, ұлттық валютадағы банк міндеттемелері үшін 2%; сыртқы қысқа мерзімді, ұлттық валютадағы банк міндеттемелері үшін 4%; ішкі ұзақ мерзімді, ұлттық валютадағы банк міндеттемелері үшін 0%; ішкі қысқа мерзімді, шетелдік валютадағы банк міндеттемелері үшін 2%; сыртқы қысқа мерзімді, шетелдік валютадағы банк міндеттемелері үшін 6%; ішкі ұзақ мерзімді, шетелдік валютадағы банк міндеттемелері үшін 0%; сыртқы ұзақ мерзімді, шетелдік валютадағы банк міндеттемелері үшін 2%.
"Ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша төменірек нормативтерді белгілеу теңге құралдарының тартымдылығын арттырып, экономиканың долларлануын төмендетуге септігін тигізеді. Минимал қор талаптарының көрсетілген нормативтерінің белгіленуінің нәтижесінде ұлттық валютадағы банк жүйесінің өтімділігі 40 млрд теңгеге артады, бұл қаражатты банктер экономиканың нақты секторын несиелендіруге бағыттай алады", - делінген банк хабарламасында.
Банк хабарламасында айтылғандай, 2015 жылдың 23 маусымынан бастап минимал қор талаптарын анықтау және қор активтерін қалыптастыру кезеңі 28 күнтізбелік күнге тең болады және бұлар бірінен соң бірі жүреді.
"Бұл Ұлттық банк үшін ашық нарықта операциялардың жүргізу қажеттілігін бағалауға және өтімділікті басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Келешекте минимал қор талаптары орындалған кезде негізгі роль банктердің корреспонденттік шоттары Ұлттық банкте ұлттық валютада пайдаланылуына беріледі", - делінген хабарламада.
2015 жылдың 23 маусымынан бастап минимал қор талаптарын орындауға арналған қолма-қол кассаның көлемі минимал қор талаптарын анықтау кезеңінің ішіндегі минимал қор талаптарының орташа көлемінің көп дегенде 70%-ын қамтуы тиіс, 2015 жылдың 5 қаңтарынан бұл көрсеткіш 50%-дан артық болмауы тиіс.