Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банкке форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отыру қаншалықты тиімді?

Ұлттық банкке форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отыру қаншалықты тиімді?
Алматы. 3 қараша. 7kun.kz - Ұлттық банк алдағы бірнеше жылға арналған қаржы нарығын дамыту концепциясын құрастырды. Жобадағы шаралардың бірі - форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отыру деп жазады LS.
Жобада жазылғандай, бұл саладағы проблеманың бірі - нарық қатысушыларының талапқа сай емес әрекеттері. Елдің басты банкі хабарлағандай, жеке және заңды тұлғалардан кейбір форекс-брокерлеріне жиі шағым түсіп жатады.

Осыған байланысты Ұлттық банк брокерлер әрекетін заңмен бекіту керек деп есептейді. Құжат бойынша, енді тек қазақстандық лицензиясы бар брокерлік ұйымдар шетелдік қор және валюта нарығына шығу туралы қызмет ұсына алады.

Брокерлер нарығын реттеп отыру қандай пайда береді?

Private Asset Management инвестициялық компаниясының сараптама департаменті Дамир Сейсебаевтың сөзінше, Қазақстанда бұл секторды реттеп отыру қажет. Себебі әрекеті реттелмейтін форекс-брокерлер инвесторлардың құқығын қорғауды қаншалықты қамтамасыз етеді деген мәселе жиі туындайды.

"Бұл нарықтың қатысушылары клиенттермен жұмыс істейді, сондықтан олардың әрекеті үнемі ашық, Ұлттық банкке есеп беретін және инвесторлардың құқығын қорғайтын болуы қажет. Менің ойымша, брокерлердің барлығы бірдей жағдайда жұмыс істеуі қажет. Форекс брокерлердің басқа қатысушылар тәрізді лицензиялары болып, заң талаптарына жауап беруі қажет", - деген пікірін айтты Сейсебаев.

"Финам" компаниясының қаржылай сарапшысы Тимур Нығматуллин форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отырмаса, қаржы нарығының дамуын кері әсерін тигізеді деп есептейді. Себебі талап бойынша жұмыс істемейтін нарық қатысушылары қаржылық сауаты жеткіліксіз клиенттерін еріксіз түрде қауіпті спекуляцияларға араластырып, инвестицияларынан айырады.

"Форекстің гэмблингтен жалғыз айырмашылығы клиенттерін қаржылық сауаттылығын арттыруға, экономиканың негізгі қызметтерін білуге ынталандырады. Мұндағы гэмблинг - трейдерлік тілде жүйесіз түрде келісім-шартқа отыру дегенді білдіреді, кей жағдайда адам өз-өзін басқара алмай қалуы мүмкін. Менің ойымша Ресейдегідей тәжірибе қолдану керек. Яғни сала еркін жұмыс істей бергенімен, қатысушылардың әрекетін лицензиялап, реттеп отыру қажет", - деді Нығматуллин.

 "Альпари" компаниясының Астандағы кеңсесінің директоры Максим Попов нақты ережелердің болуы осы салаға деген сенімділікті арттыра түседі деп есептейді.

"Ұлттық банктің нарықты реттеп отыру деген ұсынысы интернет-трейдинг үшін жақсы белгі деп қабылдау қажет. Бүгінде бұл сала Қазақстанда сенімді түрде дамып келеді. Сондықтан нақты ережелердің болуы нарық қатысушыларының сенімін арттырып, олардың жұмысының ашықтығына ықпал етеді. Ұжымдық басқарудың жаңа стандарттары және ашық түрде ақпарат ұсыну арқылы жеке инвесторлардың және компаниялардың құқықтық қорғанысын нығайтуға болады", - деп мәлімдеді Попов. Сондай-ақ, ол форекс-брокерлерлі лицензиялауға міндеттеу нарықтың барынша ашық болуына қосымша жағдай жасайды деп атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін шетелдік Capital Expert компаниясы қаржы пирамидасына құрғаны үшін күдіктенеді деп хабарланған еді. Сондай-ақ Астанадағы Tele Trade компаниясы да қазақстандықтарды алдағаны үшін жауапқа тартылды.

Похожие материалы