Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің мобильді қосымшасында жаңа бөлім ашылды

Ұлттық банктің мобильді қосымшасында жаңа бөлім ашылды

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылғы 31 мамырынан бастап ҚР Ұлттық Банкінің «Online» мобильді қосымшасында жаңа «Алтын құймалар» бөлімі іске қосылды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа бөлімде пайдаланушы тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сатып алуға қатысты сұрақтарына шұғыл түрде жауап ала алады.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің қызметі мәселелері бойынша халықпен өзара шұғыл іс-қимыл жасауға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған «ҚҰБ «Online» қызметі 2016 жылы іске қосылған.

«ҚҰБ Online» қосымшасының көмегімен пайдаланушы Ұлттық Банкке өзінің сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей білдіре алады.

Еске салсақ, енді банктерден алтын құймаларын сатып алуға болатындығын хабарлағанбыз.

Похожие материалы