Халықаралық валюта қорының хабарлауынша, 2015 жылдың ақпан айында ҚР Ұлттық банкінің халықаралық жалпы қоры 0,1%-ға өсіп, 29,1 млрд АҚШ долларына жетті. Жыл басынан алғанда аталған көрсеткіш 0,6%-ға артқан.
Ұлттық банктың халықаралық таза қоры 29,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл көрсеткіш бойынша жыл басынан бергі өсім 1,2%-ға тең.
Жалпы елдің халықаралық қоры Ұлттық қордың шетелдік валютадағы 71,7 млрд долларға тең активтерін қоса алғанда 100,8 млрд долларға жетті.
Өткен айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның алтын қоры 2,7 тоннаға арттырған. Жалпы алғанда ҚР қорында 196,1 тонна алтын бар.