Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің алтын қоры 280 тоннаға жетті

Ұлттық банктің алтын қоры 280 тоннаға жетті

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - Ұлттық банктің алтын-валюталық қор құрылымында алтын мөлшері ұлғайып келеді. Бұл туралы алтын бойынша Бүкіләлемдік кеңес (World Gold Council) хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, резервтегі бағалы металдың қоры 1 тамыз күні 279 тонна болды, немесе мемлекеттің халықаралық резервінің 36,8 пайызын құрады.

Ұйымның айтуынша, реттеуші 57 ай бойы бағалы метал қорының мөлшерін арттырып келеді.

2017 жылдың ІІ тоқсанында бұл активтердің көлемі 11,3 тоннаға артты. Ал жалпы 2012 жылдан бері Ұлттық банк алтын қорын 167,5 тоннаға ұлғайтқан.

Алтын қоры бойынша, республика 100 мемлекеттің ішінде 21-орында. 2017 жылдың тамызында алтын қорының ең үлкен мөлшері АҚШ-қа тиесілі - 8133,5 тонна.

2017 жылдың екінші тоқсанында орталық банктердің таза сатып алу (әлемдік алтын қоры бойынша) үлесі 2016 жылғымен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Бірақ көрсеткіш соңғы бес жылдың орташа деңгейінен аз.

Еске салсақ, реттеуші төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан алтын қоры бойынша топ-15 елдің қатарына ену мүмкіндігін хабарлаған болатын.

Жалпы қаражатты алтынмен сақтау тиімді ме және алтын құймаларын қандай банктерден сатып алуға болады? Оны көрсетілген сілтемеге өту арқылы оқи аласыздар.

Похожие материалы