Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта күшейді

Ұлттық валюта күшейді

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясының нәтижесінде ұлттық валюта долларға шаққанда 0,46 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 339,85 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 339,50 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 26 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 68.

Ақша айырбастау орындарында 25 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.00) Алматыда 341, Астанада 340 теңгені құраған.

Похожие материалы