Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк 1 тамызда банк активтерінің сапасын бағалауға кіріседі

Ұлттық банк 1 тамызда банк активтерінің сапасын бағалауға кіріседі

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — Қазақстан Ұлттық Банкі 2019 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі (AssetQualityReview - AQR), деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Активтің сапасын бағалаудан еліміздің банк секторы активтерінің шамамен 87%-ын құрайтын 14 ірі банк өтеді.

" AQR - банк секторының қаржылық тұрақтылығын кешенді бағалауды жүзеге асыру бойынша әлемдік нарықтағы жалпыға белгілі тәжірибе. Бұл банктердің капиталға қажеттілігін анықтауға, портфельдің сапасына баға беруге, кредиттеу тәжірибесін талдауға мүмкіндік беретін диагностика", - делінген хабарламада.

Бұл бағытта Ұлттық Банк жүргізіп отырған жұмыс үш негізгі мақсатты көздейді:

  1. Негізгі банктердің қаржылық жағдайы туралы қолжетімді ақпараттың сапасын арттыру есебінен барлық банк жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету.
  2. Банктердің қаржылық жағдайын жақсарту үшін түзету шараларын анықтау және енгізу есебінен қаржылық тұрақтылықты нығайту (қажет болған жағдайда).
  3. Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің сенімділігін көрсету есебінен инвесторлар мен салымшылар тарапынан сенімді ұлғайту.

«Бұл процедураның нәтижесі банктердің қолданыстағы бизнес-процестерін жақсарту (халықаралық тәжірибеге сәйкес), нақты экономиканы несиелендіруді күшейту және Қазақстан халқына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болады. Сонымен қатар, әлеуетті инвесторлар үшін қаржы секторының ашықтығын арттыру арқылы Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жақсаруы болжанады », - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бағалаудың ашықтығы мен объективтігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ұлттық Банкі халықаралық консультантпен және тәуелсіз аудиторлық компаниялармен бірлесе отырып AQR өткізеді.

" Қазақстанның банк секторының жай-күйін зерттеу Еуропа Орталық Банкінің әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады, онда сапаның бірыңғай халықаралық стандарттарын сақтауға кепілдік беріледі және халықаралық қоғамдастық жағынан бағдарламаның нәтижелеріне сенім қамтамасыз етіледі. Бұл ретте Еуропа Орталық Банкінің әдіснамасы Қазақстанның заңнамасы мен қаржы институтары бизнес-процестерінің ерекшелігін ескере отырып түзетілді", - деді Ұлттық Банкте.

AQR-ді 2019 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Бағдарламаның нәтижелері активтердің сапасын бағалауға қатысушы банктер үшін ашық болады. Қажет болған жағдайда жұмыс қорытындысы бойынша орта мерзімді перспективада түзету шараларын қабылдау жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалады және екінші деңгейдегі банктер үшін қолданыстағы бизнес-процестерді одан әрі жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар беріледі.

Похожие материалы