Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк қазақстандықтардың табысын есептеді

Ұлттық банк қазақстандықтардың табысын есептеді

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банктің халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша, отбасылардың 24%-ға жуығы 100 мың теңгеден аспайтын табыс табады.

Деректерге сәйкес, 84% жағдайда табыс көзі жалақы, ал 29% жағдайда бұл шәкіртақы, алимент, мемлекеттік жәрдемақы болып табылады.

Респонденттердің көпшілігі 12 айда олардың отбасыларының қаржылық жағдайы өзгерген жоқ деп есептейді. Шамамен 17%-ға жуығы жағдай нашарлады деген пікірді ұстанады.

Сонымен қатар, респонденттердің 38%-ы алдағы жылы олардың жағдайы жақсарады деп сенеді, ал 33%-ы өзгеріссіз қалады деп санайды. Шамамен 15%-ы нашарлайды деп ойлайды.

Қаражаттың көп бөлігін қазақстандықтар теңгемен, одан кейін доллармен және одан кейін рубльмен сақтайды. Сауалнамаға қатысқандардың 83%-ы мамыр айында артық қаражатты кейінге қалдыра алмағанын атап өтті.

Теңгенің айырбастау бағамына келетін болсақ, респонденттердің 66%-ы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы көтеріледі деп, ал 9-10%-ы баға төмендейді деп санайды.

Сонымен қатар, алдағы 12 айда шамамен 80%-ы несие алуды жоспарлап отырған жоқ. Сауалнамаға қатысқандардың 55%-ы банктерге қарызы жоқ екендігін, 29-30%-ының тұтынушылық несиесі, 5-6%-ының ипотекалық қарызы, ал 4%-ының автонесиесі бар екенін айтты.

Сонымен қатар, респонденттердің пікірінше 30%-ы соңғы 12 айда азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер бағасы 6-10% қымбаттады. 13%-ға жуығы бағалар 20%-ға артты деп санайды. Сауалнаманың нәтижесі бойынша, 40%-ы бағалардың қазірге қарағанда баяу өсетініне және 21%-ы қазіргіге қарағанда жылдам өсетініне сенімді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық Банк Қазақстандағы инфляциялық күтулерді өлшеуге бағытталған тұрғындар арасында сауалнама жүргізеді. Ересектер арасында телефон арқылы сұхбат жүргізіледі, онда 1500 респондент қатысады.

Похожие материалы