Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 15 наурыздан 22 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
20 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ке нығайып (378,51-ден), 378,17 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 15 наурыздан 22 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар қаңтарда АҚШ ФРЖ-нің пайыздық мөлшерлемені 2,25-2,5%-дық аралықта сақтау туралы шешімі, АҚШ Орталық банкінің ІЖӨ-нің 2019 жылы 2,1%-ке дейін өсуі болжамының төмендеуі, АҚШ пен Еуроаймақтың өндірістік секторында іскерлік белсенділіктің баялауы туралы деректерді жария ету, ЕО-ның Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын кейінге қалдыруға келісімі болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
Индонезия рупиясы инвесторлардың тәуекел активтері сентиментінің жақсаруы және АҚШ ФРЖ-нің жұмсақ риторикасы аясында 0,7%-ке (14 260-тан 14 163-ке дейін) нығайды;
Мексика песосы АҚШ ФРЖ-нің мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалу, сондай-ақ Комитет мүшелерінің басым бөлігінің оны 2019 жылы көтермеу туралы болжамдарының аясында 0,6%-ке (19,21-тен 19,09-ке дейін) нығайды;
Ресей рублі салықтық кезеңнің және шетелдік инвесторлардың ФҚО-ға қызығушылығының артуы аясында 0,2%-ке (64,8-ден 64,65 - ке дейін) нығайды;
Үндістан рупиясы портфельдік инвестициялар түріндегі шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,2%-ке (69,1-ден 68,96-ға дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка ранды Германия, Франция және АҚШ-тағы іскерлік белсенділіктің баялауы туралы деректерді жариялаудан кейін әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында 0,7%-ке (14,4 –тен 14,5-ке дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы саяси тәуекелдердің өсуі аясында 2,4%-ке (3,81–ден 3,91-ге дейін) әлсіреді; Бразилияның бұрынғы Президенті сыбайлас жемқорлыққа күдіктілік бойынша тұтқындалған болатын;
Түрік лирасы Түркия ОБ-нің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі аясында 5,7%-ке (5,45–тен 5,76-ға дейін) әлсіреді.