Алматы. 21 маусым. 7kun.kz — Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы бір күн ішінде 3,38 теңгеге артты.
Қазақстан қор биржасында 2019 жылғы 21 маусымдағы таңертеңгі және күндізгі сауда қорытындылары бойынша Т+1 есептерімен доллардың орташа бағамы 377,18 теңгеге (бір күнде -3,38 теңге) белгіленді. Сауда көлемі 324,9 млн теңгені құрады.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ұлттық валютаның нығаю себептерін атап өтті.
"Маған елдегі девальвацияға қатысты туралы сұрақтар болды. Қазіргі теңгенің жағдайы мұнай бағасының тұрақтануымен, Ресей рублінің нығаюымен, базалық ставканың Ресей Орталық Банкімен төмендеуімен байланысты. Ставкалардың тепе-теңдігі теңге пайдасына келеді", - деп түсіндірді қадағалау ведомствосының орынбасары.
Сондай-ақ, Смоляков нарықтық жағдайдың өзгермейтіндігін айтты.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы биржаларының айырбастау пункттерінде доллар 378-379 теңгеге сатылды.
Ал The ICE ақпаратына сәйкес, Brent маркалы мұнай барреліне 64,7 долларға саудаланады.