Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта 1,15 теңгеге арзандады

Ұлттық валюта 1,15 теңгеге арзандады

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,36 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,21 теңге/$1) ұлттық валюта 1,15 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 61 млн 566 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 160.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381,5 теңге, Алматыда – 381,7 теңге.

Ұлттық Банктің 29 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,06 теңгені құрайды.

Похожие материалы