Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта 1 теңгеге нығайды

Ұлттық валюта 1 теңгеге нығайды

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,47 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,12 теңге/$1) ұлттық валюта 0,65 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,28 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,35 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 41 млн 590 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 109.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379,7 теңге, Алматыда – 381 теңге.

Ұлттық Банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,16 теңгені құрайды.

Похожие материалы