Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта бағамы 2,55 теңгеге нығайды

Ұлттық валюта бағамы 2,55 теңгеге нығайды

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,99 теңгені құрады. 19 сәуірдегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,54 теңге/$1) ұлттық валюта 2,55 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 376,36 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 152 млн 725 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 311.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378,5 теңге, Алматыда – 379,5 теңге.

Ұлттық Банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,29 теңгені құрайды.

Похожие материалы