Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта нығайды

Ұлттық валюта нығайды

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,56 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,90 теңге / $1) ұлттық валюта 2,34 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 38 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 111.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377 теңге, Алматыда – 378 теңге.

Ұлттық Банктің 28 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,26 теңгені құрайды.

Похожие материалы