Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхтар Әбілязовті Астанаға тергеуге шақырды

Мұхтар Әбілязовті Астанаға тергеуге шақырды

Астана. 2 ақпан. 7kun.kz - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырды.  Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «БТА Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Жемқорлыққа қарсы қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты.

«Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан аумағында да, шетелде де әрекет еткен. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 208-бабының 1-бөлігі бойынша күдікті жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырылады.

Алайда күдікті Әблязов Қазақстан Республикасында болмағандықтан және келуден бас тартқандықтан, Антикоррупция қызметі ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 205-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, хабарламаны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды», - деп мәлімдеді Ұлттық бюродағылар.

Похожие материалы