АҚШ мұнай қорлары туралы мәліметтердің жариялануы алдында эталонды мұнай маркаларының бағасы бейсенбі күні төмендеді деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Brent мұнайының сәуірлік фьючерстері ICE Futures лондондық биржасында 17:12 АСТ $1,52 (2,51%)-ға, баррелі үшін $59,01 дейін төмендеді.
Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) наурызға арналған WTI мұнайының бағасы осы уақытта $2,09 (4,01%)-ға, барреліне $50,05 дейін төмендеді.
АҚШ Энергетика министрлігі бейсенбі күні 22:00 АСТ елдегі көмірсутектер қорының серпіні туралы мәліметтерді жария етеді. Bloomberg сұрастырған сарапшылардың пікірінше, мәліметтер өткен апта ішінде мұнай қорларының 3 млн баррельге, 420,9 млн баррельге дейін өскендігін көрсетеді, бұл 1982 жылдың тамызынан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Американдық мұнай институтының (API) ақпаратына сүйенсек, елдегі мұнай қоры 14,3 млн баррельге өскен.
"Барлығы нарықта ұсыныстың көптігі туралы айтып жатыр, бұл жайт бағаға кері әсерін тигізеді. АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының азаюын ескермегенде, барлық негізгі көрсеткіштер ОПЕК-тен тыс мұнай өндіру деңгейі ерте дегенде үшінші тоқсаннан бастап төмендей бастайтындығын көрсетеді", - деп мәлімдеді Jefferies International аға брокері Кристофер Белью.