Мұнай компаниясы мұнай бағасының төмендеуі себепті миллиард доллар тұратын инвестициядан бас тартып отыр
Мұнай бағасының жылдам төмендеуі күрелі мұнай және мұнай химиялық жобалардан бас тартуға немесе кейінге қалдыруға әкеп соқты. 2015 жылы инвестициядан бірінші болып бас тартатынын Royal Dutch Shell және британдық Premier Oil компаниялары жариялады деп жазады Financial Times газеті.
Жақында белгілі болғандай, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты жобаны тиімсіз деп тапқан Shell және Qatar Petroleum Катарда құны 6,5 млрд доллар тұратын мұнай химиялық кәсіпорын жобасынан бас тартқан.
Мұнай химиялық комплекске жұмсалады деп күтілген қаржы қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты қабілетсіз болып қалды", делінген Qatar Petroleum және Shell компаниясының бірлескен мәлімдемесінде.
Premier Oil мұнай бағасы қалпына келгенше құны 2 млрд доллар тұратын Фолкленд аралдарында мұнай өндіруге қатысты Sea Lion жобасын кейінгі қалдырғанын мәлімдеді.
Premier Oil компаниясының бас қаржы директоры Тони Дюранның айтуынша, компания мұнай бағасы көтерілгенше Sea Lion и Bream(Норвегия жағалауында) және өзге де кен орындарында мұнай өндіруді кейінге қалдырып отыр.
"Мұнай бағасы барреліне 50 доллардан кем тұста біз Sea Lion және де Bream жобасын да қолдамаймыз", - деді ол.
Британдық компания сонымен қатар Солтүстік теңізде және Гренландияның батыс жағалауында жұмыс атқаратын мердігерлер төлемін де қысқартты.
"Мұнай бағасының төмендеуі бюджеттің қысқаратынын көрсетеді және келешекке арналған даму жоспарлары кейінге қалады, - деді Tudor Pickering Holt инвестициялық банкінің аналитигі Аниш Кападиа.
Шығындардың қысқартылатынын хабарлаған компаниялардың қатарында Батыс Канада, Солтүстік теңізде және Солтүстік Африка жағалауында шоғырланған Canadian Natural Resources компаниясы бар.
Осы аптада Canadian Natural Resources ағымдағы жылға арналған қаржыландыру көлемін 8,6 млрд канада долларынан 6,19 млрд долларға дейін төмендетті.
Мұнай бағасының түсуіне байланысты эенргетика секторындағы компаниялардың шығындарды азайтуы лизингке қымбат құрылғылар алып отырған мұнай сервисті компанияларға әсер етуде, деп жазады FT.
"Мұнай бағасы компания шығындарымен сәйкес келмейінше салаларға толықтай инвестициялардын бас тарта тұруға тура келеді", - дейді Goldman Sachs аналитигі Мишель делла Винья.