Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәскеу Карелияда қаза тапқан балаларды аза тұтып жатыр

Мәскеу Карелияда қаза тапқан балаларды аза тұтып жатыр

Мәскеу Карелияда қаза тапқан балаларды аза тұтып жатыр. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, 19 маусым күні Ресейде балалар мінген қайық дауыл кезінде аударылып кеткен. Ресей ТЖҚ оқиға Пряжинскі ауданында болғанын айтады. Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин суға батып кеткендердің ішінде ересек адамдар жоқ дейді.

Карелиядағы мәдениет министрлігінің туризм басқармасының басшысы Екатерина Биктимирова ТАСС агенттігіне көлде 49 адам болғанын, олардың ішінде 12-15 жастағы жасөспірімдер болғанын айтады. Олар екі қайықпен қатар жүзіп отырған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Твиттерге Сямозер көлінде алдын-ала мәлімет бойынша Мәскеудің балалары қайтыс болғанын жазды. Ол Мәскеуден Карелияға төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері мен дәрігерлер жіберілгенін хабарлаған.

Тергеу комитеті оқиғаға қатысы бар төрт күдіктіні ұстаған. Оның ішінде балалармен шыққан екі инструктор болған.

Эссойль ауылының басшысы Андрей Ореханов Эхо Москва радиосына жергілікті билік балалар лагерінің жағдайына қатысты осыған дейін де бірнеше рет ескерту жасап келді деді.

Похожие материалы