М.Цукерберг Facebook-те "дислайк" батырмасының пайда болатындығын жариялады
Facebook негізін қалаушысы Марк Цукерберг әлеуметтік желісінде "дислайк" батырмасының пайда болатыны туралы хабарлады. Желі қолданушыларынан түскен өтініштерге байланысты компания жағымсыз жаңалықтарға теріс эмоция білдіру батырмасының қызметін сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Танымал әлеуметтік желінің пайдаланушылары тарапынан жазбаларына "лайк" батырмасымен қоса "дислайктың" болуы туралы өтініштер жиі келетін еді. Алайда Facebook басшылығы 1,5 миллиард қолданушының негативті реакциясына қарағанда, олардың позитивті эмоцияларын қолдайтындығын айтып, бұл ұсыныстан бас тарып отырған.
Бірақ кейінірек М.Цукерберг Сириядағы босқындар тәрізді жазбаларға адамдар көңіл білдіргісі келіп "лайк" басса, теріс ой тудырып кететіндігін атап өтті. Оның сөзінше, "қолданушылар үшін мазмұны жағымсыз жазбаларға "лайк" басу ыңғайсыз болуы мүмкін, сондықтан оларға "ұнайды" деген батырманы басқаннан да көбірек мүмкіндік беру қажет".