Экономика
Мәжіліс Кәсіпкерлік кодексін мақұлдады
Қазақстан парламентінің мәжілісі бірінші оқылымда Кәсіпкерлік кодексінің жаңа жобасын мақұлдады.
"Кәсіпкерлік кодексінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік әрекеттің мемлекеттік реттеу сферасына қатысты нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіру, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет әрекеттестігі сферасындағы заңнамаларды дамыту, оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлік қарым-қатынастарындағы құқықтық реттеуіндегі кедергілерді жою болып табылады", - деп жазылған мәжілістегі экономикалық реформа және аймақтық дамыту комитетінің қорытындысында. Кәсіпкерлік кодексінің жобасы 8 бөлім, 34 тарау және 465 баптан тұрады. Жобада 11 заң шоғырланған.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлік кодексінің жобасы ретінде кәсіпкерлік әрекеттері үшін өте маңызға ие сұрақтарды реттеу қарастырылған.
Осымен қатар, палата бірінші оқылымда "Кәсіпкерлік сұрақтары бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер және қосымша енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. Депутаттық өзгерістер несиелендіру кезіндегі сыйақы мөлшерлемесін жергілікті органдардың субсидияландыруын және ауыл шаруашылық техникасы мен құрылғыларын, төрт түліктерін алуға лизинг беруді қарастырады.
Әрі депутаттар сауда жүйелері мен ірі сауда объектілеріне тауар жеткізу кезіндегі келісімге қатысты емес қосымша шарттарды енгізуге қатысты тыйым салуды ұсынды.