Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Майкл Эгглтон

7kun анықтамасы: Майкл Эгглтон

Майкл Эгглтон 1968 жылы Калифорниядағы Сан-Диегода дүниеге келген. Әкесі - сүт зауытының қызметкері, анасы мектепте мұғалім болған. Жастайынан спортқа қызығып, америкалық футболды сүйіп көретін Майкл банкир болуды ешқашан армандамағанын айтады.

Алайда Сан-Диегода университетте оқып жүргенде өзінің есепке икемі барын байқаған Эгглтон бухгалтерлікпен айналыса бастайды. Оқу бітірген соң оны консалтингті және аудиторлық қызмет көрсететін PricewaterhouseCoopers (PwC) ірі компаниясына жұмысқа алады. Бұл оның кейінгі мансабына жақсы әсер етеді.

Білімі: 

Сан-Диего Университетінің ең үздік бакалавр дәрежесі және Сан-Диего Мемлекеттік Университетінің бизнес магистрі дәрежесі бар. Ол - АҚШ-тың сертификатталған бухгалтері. "Credit Suisse" және "Merrill Lynch" компанияларында жұмыс істеген кезеңде оны Ұлыбританияның Қаржылық қадағалау басқармасы аттестаттаған.

Мансабы: 

Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін ENRC PLC тәуелсіз атқарушы емес директоры қызметін атқарды. Майкл Эгглтонның мансабы АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Ресей қаржылық мекемелерінде инвестициялық банкинг саласында 20 жылға жуық кезең ішінде өсті.

2006 жылғы тамызда «Траст» (Ресей) банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды, содан кейін 2009 жылы өз еркімен қызметтен кетті.

Бұрын Лондонда және Мәскеуде Merrill Lynch компаниясының Орталық және Шығыс Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың жаңа нарықтарындағы басқарушы директоры және Бөлімшелер басшысы лауазымын атқарды. Credit Suisse First Boston компаниясында Ресей, Түркия, және Солтүстік Африка нарықтарына жетекшілік ететін басқарушы директор және борыштық инвестициялар мен салымдарды әлемнің дамыған нарықтарында акционерлік капиталға бағыттауды дамыта отырып, стратегиялық нарықтар топтарының басшысы ретінде жұмыс істеді.

Похожие материалы