Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мамыр айындағы теңге курсының өзгеруі (видео)

Мамыр айындағы теңге курсының өзгеруі (видео)

Алматы, 8 маусым. 7kun.kz - 2016 жылдың мамыр айында доллар қатысты ұлттық валюта курсы құбылмалы тенденция көрсетті. Айдың басын америкалық валюта бағамы 328 теңге деген деңгеймен бастады. Максималды жоғары курс 333-336 теңге, ал минималды курс 327-328 шамасында болды.

Ұлттық валюта курсына тікелей әсер етуші факторы мұнай бағасының динамикасында да тұрақсыздық байқалды. Айдың басында Брент маркасының бір баррелі 46-47 доллардан сатылса, айды 51 доллар деген бағамен қорытындылады. Мамырдың 10-да 43 баррель деген ең төменгі деңгейге түсті. Ұлттық банктың валюта нарығына араласуы мамыр айында 29,1%-ды құрады. Банк басшысы Данияр Ақышевтың сөзінше, айырбастау курсының күрт өзгеріске түсуіне жол бермес үшін және Ұлттық банктың алтын валюталы резервтерін толықтыру үшін доллардв сатып алуды жалғаса береді. Бірақ оның атап өтуінше, Ұлттық банктың операциялары айырбастау курсы динамикасына әсер етпейді және интервенция көлемі де нарықтағы жалпы жағдайды өзгерте алмайды. Еске салайық, бір жыл бұрын яғни 2015 жылдың мамырында 1 доллар бағамы 185-186 теңге көлемінде болған еді.

Похожие материалы