Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында күзетшіні ұрды деп айыпталған әкім қызметінен кететінін мәлімдеді

Маңғыстау облысында күзетшіні ұрды деп айыпталған әкім қызметінен кететінін мәлімдеді

Маңғыстау облысы. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов қызметінен кететінін айтты. Бұл туралы шенеунік Facebook желісінде жазба жариялады.

«Маған қатысты алып-қашпа әңгімелерге алаңдаушылық білдіріп, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рахмет айтамын. Мен денсаулығыма байланысты жұмыстан босатуды сұрап өтініш жаздым. Мұндай ұйғарымға бір күнде келген жоқпын. Ұзақ уақыт ойланып қабылдаған өз шешімім. Сондықтан баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға және шешіміме құрметпен қарауға шақырамын», – деді Тілек Көшмағанбетов.

Әкім егер денсаулығы түзелсе, халыққа қызмет етуден қашпайтынын айтты. Сондай-ақ ол желіде тараған түрлі жазбаларға қатысты пікір білдірді.

«Осы жылдары маған қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына бірлесе атсалысқан әріптестеріме, азаматтарға алғыс айтқым келеді. Блогерлердің таратқан жазбасына қатысты мәселе – бұл бөлек әңгіме. Алдағы уақытта ақ-қарасы айқындала жатар», – деді Тілек Көшмағанбетов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Маңғыстау ауданының әкіміне ұқсайтын адамның күзетшіге қол жұмсаған бейнежазбасы тараған болатын. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Ал Тілек Көшмағанбетов бейнежазбадағы адамның өзі емес екенін айтқан еді.

Похожие материалы