Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Негізінде ол 2022 жылдың желтоқсанында қызметінен босатылған, бірақ бұл туралы бүгін ғана белгілі болды.
Айта кетейік, 2007-2010 жылдары Марат Бекетаев әділет вице-министрі қызметін атқарған.
2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2016-2022 жылдары Әділет министрі, 2022 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің кеңесшісі болды.