Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марк Цукербергтің байлығы екі сағат ішінде 4,3 млрд долларға артты

Марк Цукербергтің байлығы екі сағат ішінде 4,3 млрд долларға артты

NASDAQ биржасындағы екі сағатқа созылған сауда кезінде Facebook басшысы Марк Цукербергтің қаржылық жағдайы бірден 4,3 млрд долларға артты. 28 сәуірдегі NASDAQ-тағы негізгі сауда сессиясы аяқталған соң Цукербергтің қаржысы 47 млрд доллардан 51, млрд долларға жетті, деп жазды РБК.

Осылайша, 4,3 млрд доллар арқылы ол онлайн рейтингте Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисонның алдына шығып,  бесінші орынға ие болды.

Қаржылық жағдайдың өсуіне әлеуметтік желінің 2016 жылғы есептік кезеңнің сәтті аяқталуы себеп болған.  27 сәуір күні компания есептік кезеңде таза кіріс жылдан жылға үш есеге артып, 1,5 млрд долларға жеткенін хабарлады. Табыс көлемі 57%-ға өсіп, 5,2 млрд долларды құрады. Ал желіні пайдаланушылар саны айына 15%-ға артып, 1,65 млрд адамға жетті.

Похожие материалы