Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен өткен отырыста «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі хабарлады.
Депутаттар алдында құжатты таныстырған Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметовтің айтуынша Заң жобасында мынадай мақсаттар белгіленеді:
- Коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау;
- Берешекті өндіріп алу жұмысында тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру;
- Борышкерлердің құқықтары мен мүдделерін коллекторлық агенттіктердің тарапынан болатын заңсыз іс-әрекеттерден қорғау;
- Коллекторлық қызметтің айқындылығын арттыру;
- Халықтың сенімін арттыру;
- Әлеуметтік шиеленісті төмендету;
- Коллекторлық қызметті реттеу;
Жалпы Заң жобасы коллекторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заң жобасының негізгі міндеттеріне коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту, борышкерлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, коллекторлық агенттіктер қызметінің айқындылығын арттыру, берешекті өндіріп алу жұмысында тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру жатады. Алпысбай Ахметовтің айтуынша, Заң жобасы қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдардың нәтижелері төмендегідей болады: коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығын одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау; коллекторлық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, сондай-ақ борышкерлердің құқықтық білім деңгейін көтеру; коллекторлық агенттіктер ретіндегі делдалдар институтын дамыту және коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығының қолжетімділігі мен айқындылығы; кредиторларды, сондай-ақ борышкерлерді құпия ақпаратты жария етуден қорғау, борышкерлермен жұмыс істеу барысында пайдаланылатын ақпараттың жеткілікті дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету; бір мезгілде мәжбүрлеп өндіріп алу (атқарушылық іс жүргізу) рәсімін азайта отырып, кредиторлардың сотқа жүгінуін ықтимал төмендету. Еске салайық, Заң жобасын egov.kz 2014 жылдың 8 қыркүйегінен бері ашық талқылауға ұсынылған. Заң жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.